Теннисшілер Дмитрий Попко мен Григорий Ломакин Түркия мен Мысырда өткен халықаралық турнирлерде жеңімпаз атанды. Попко Анталияда ITF турнирін жеңіп алса, Ломакин Шарм-эль-Шейхта осы санаттағы жарысты алтын медальді иеленді.
Попка Түркиядағы жарыстың финалында Өзбекстанның өкілі Сергей Фоминмен кортқа шықты. Матчта Қазақстан теннисшісі қарсыласын 6:4, 3:6, 6:2 есебімен басым түсті.
Осылайша, Анталия жарысы спортшы үшін сәтті аяқталды.
Григорий Ломакин жұптық сында украин Вадим Урсумен финалда италиялықтар Филиберто Фумагаллимен және Сэмюэль Винсент-Ругиеримен бас жүлдені сарапқа салды.
Үш сетке созылған тартысты бәсекеде Қазақстан теннисшілері 6:2, 4:6, 10:5 есебімен жеңіске жетті.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА