4 қаңтарда 18 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасы Өскемен қаласында жиналып, IIA дивизионындағы әлем чемпионаты алдындағы оқу-жаттығу жиындарының алғашқы кезеңін бастайды, деп хабарлады Ұлттық Олимпиялық комитет. Турнир 19-24 қаңтар аралығында Түркияның Ыстамбұл қаласында болады. Дайындыққа Алматы, Қарағанды, Астана және Өскемен қалаларынан келген қыздар қатысады. Құрама сапындағы хоккейшілердің жасы 14 пен 17 жас аралығында. Жаттықтырушылар штабы әлем чемпионатына арналған кеңейтілген құрамды ...
Read More »Әлем чемпионаты
Әмір Закиров — брейкингтен әлем чемпионы!
Әмір Закиров БАӘ-нің Дубай қаласында өтіп жатқан брейкингтен WFADS тұжырымы бойынша әлем чемпионатында топ жарды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. B-Boy Amir лақап атымен танылған спортшымыз ересектер арасында ешкімге дес бермеді. Финалда жерлесіміз америкалық Мигель Анхель Росарионы (Bboy Gravety) жеңді. Осы арқылы Әмір Закиров қазақ брейкингінің әлемдік аренада жоғарғы бәсекеге қабілетті екенін көрсетті. Закиров ...
Read More »…Жеребе тасталды — сәуегейлік басталды!
…Әлем чемпионатының ауыз көпіртер әңгімелері аз емес! 2026 жылы үш мемлекеттің футбол алаңдарында өтетін бұл төрт жылдың басты футбол додасы күтпеген кемшіліктерге сүрініп, Инфантино бастаған ФИФА қарағым жерге қарап жүрмесе болғаны. Ондай талас-тартыстың шеті бүгін-ақ қылтиып тұр… Сонымен, 48 команданы жіліктеп-мүшелеп, 12 топқа бөліп, қораға қамадық. Оларға көктемде келіп қосылатын 8 команданы қоса айтып отырмын. АҚШ-тың 11, Мексиканың 3, Канаданың ...
Read More »… Жеребе тасталды — сәуегейлік басталды!
…Ұзақ-сонар былшылдан кейін командаларды 12 топқа бөлу басталды. Алғашқы үш команда — чемпионат өткізетін елдер — өз басшыларының «жеңіл» қолының құдіретімен алдын ала дайындап қойған топтарға топ ете қалды. Өзге командалардың қалай жіліктеліп-мүшеленгенін футболға құмар көзі қарақты оқырмандар көрді де, біледі де, телефонына көшіріп алды да, жаттап үлгерді де… Сондықтан ол топтарды бұл жерге топырлатып жазбауға да болар еді,бірақ ол ...
Read More »… Жеребе тасталды — сәуегейлік басталды!
Кеше түн жарымы ауғанша Американың Вашингтонында болған 2026 жылы АҚШ, Мексика және Канада мемлекеттерінде өтетін кезекті доп додасының, яғни, әлем чемпионатының, жеребе тарту рәсімін тамашаладым. Өзім ғұмырымда бес рет куә болған әлемдік доп додалары (Испания-82, Мексика-86, Италия-90, Франция-98, Бразилия-2014) көз алдымда, бұл жаңа ғасырда да төрт жылда бір айналып соғар футбол тойына тура бір өзім баратындай-ақ аузым аңқайып, тележәшікке кіріп ...
Read More »Таэквондошы Батырхан Төлеуғали — әлем чемпионы!
Таэквондошы Батырхан Төлеуғали (87 кг) Кенияның Найроби қаласында 21 жасқа дейінгі спортшылар арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында құрмет тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Ол финалда Иран елінің өкілі Мохаммед Ализадені жеңді. Оған дейін отандасымыз австралиялық Стюарт Джоубты, бейтарап елдің өкілі Владислав Будинді жеңген еді. Чемпионатта таэквондодан Қазақстан құрамасы екі алтын, бір қола жүлдені жеңіп алды. Осыған дейін Бейбарыс Қаблан (87 ...
Read More »Футболдан әлем чемпионатының жеребесі тартылды
Бүгін АҚШ-тың астанасы Вашингтон қаласында футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының жеребесі тартылды. Онда мундиальға қатысатын ұлттық құрама командалар төрт қоржынға бөлінді. Қазір чемпионатта ойнайтын 42 команда белгілі болып отыр. Ал қалған құрамалар келесі жылы көктемде плей-офф ойындарында анықталады. А тобы: Мексика, Оңтүстік Африка, Оңтүстік Корея, еуропалық С жолы плей-оффы (Дания/Солтүстік Македония/Чехия/Ирландия) B тобы: Канада, еуропалық А жолы плей-оффы (Италия/Солтүстік Ирландия/Уэльс/Босния ...
Read More »Таэквондодан U21 ӘЧ: Темірлан Тілеулес — қола жүлдегер!
Таэквондодан Кенияның астанасы Найробиде өтіп жатқан U21 санатындағы әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына екінші жүлде түсті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Жарыстың екінші күнінде 63 келідегі Темірлан Тілеулес жартылай финалға дейін жетіп, драмаға толы жекпе-жекте Түркия спортшысына соңғы секундта есе жіберді. Кеше Бейбарыс Қаблан U21 санатындағы әлем чемпионатының тұңғыш алтын жүлдесін иемденген еді. 3-6 желтоқсан ...
Read More »Таэквондошы Бейбарыс Қаблан жастар арасында әлем чемпионы атанды
Бейбарыс Қаблан таэквондодан Кенияның астанасы Найроби қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында құрмет тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Ол 87 келіден аса салмақта ел намысын қорғап, әлем чемпионы атанды. Бейбарыс Қаблан финалда Оңтүстік Кореяның өкілі Ян Чжунёнды жеңді. Осылайша, Қазақстан жастар құрамасы әлем чемпионатында алғашқы медалін жеңіп алды. Рүстем ЖҰМАН, АСТАНА
Read More »Каратэден ӘЧ: Софья Берульцева – күміс жүлдегер!
Ұлттық құраманың көшбасшысы Софья Берульцева Каир қаласында өтіп жатқан жекелей сындағы әлем чемпионатында екінші орын алды, деп хабарлады Туризм және және министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Отандасымыз +68 кг салмақтың финалында Германия спортшысы Йоханна Колено Книрмен күш сынасты. Тартысты жекпе-жекте қарсылас басым түсті. Осыған қарамастан Софья Берульцева қазақ спорты тарихындағы ең табысты каратэ шеберінің бірі болып қала береді. Оның ...
Read More »
SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары