• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Әлем чемпионаты

    ФИФА президенті әлем чемпионаты қарсаңында үндеу жолдады

    ФИФА президенті Джанни Инфантино футболдан әлем чемпионаты кезінде барлық қарулы қақтығыстарды тоқтатуға шақырды. Футбол – жақсылыққа жетелейтін күш. Футбол әлемдегі мәселелерді шеше алады дегенге сену аңғалдық емес. Біздің басты мақсатымыз спорттағы ұйымдастыру жұмыстары екенін жақсы түсінеміз. Футбол адамдарды жақындастыратынын ескерсек, алдағы 5 миллиард адам тамашалайтын әлем чемпионаты бейбітшілікке оң серпін бере алады, –  деді ол. Сонымен бірге Джанни Инфантино 2018 жылы ...

    Read More »

    Ағайынды қазақ балалары әлем чемпионы атанды

    Ағайынды жас спортшылар – Арслан Берік пен Арсен Берік джиу-джитсуден  Біріккен Араб Әмірліктерінің Әбу-Даби қаласында өтіп жатқан «Abu Dhabi World Professional Jiu-Jitsu Championship  2022» әлем чемпионатында алтын медальді жеңіп алды. Әлемдік дода 11-19 қараша аралығында өтіп жатыр. Оған әлемнің 120 елінен келген жас спортшылар қатысып жатыр. Бұл чемпионат AJP Tour халықаралық турнирлерінің соңғы кезеңі болып саналады. Ол – әлемдегі ең ...

    Read More »

    Әлем чемпионаты: Лионель Месси еш жарақатсыз командаға қосылды

    Футболдан Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси әлем чемпионатына дайындалу үшін БАӘ-не барып, командаға қосылды. Месси Әбу-Дабиге «Ювентус» клубының ойыншылары Анхель Ди Мария мен Леандро Паредеспен бірге келді. 16 қарашада Аргентина құрамасы Біріккен Араб Әмірліктерінің командасымен жолдастық матч өткізеді. Ал әлем чемпионатының топтық кезеңінде Аргентина құрамасы «C» тобында Сауд Арабиясы, Мексика мен Польша командаларына қарсы ойнайды. Аргентина құрамасы 1978 және 1986 жылдары ...

    Read More »

    Әлем чемпионаты: Қазақстан самбошылары 10 медаль алды

    Қырғызстанның астанасы Бішкек қаласында өткен самбодан әлем чемпионатында Қазақстанның ұлттық құрама командасы 3 күміс, 7 қола жүлде алды. Жарыстың үшінші күнінде жауынгерлік самбодан 71 келіге дейінгі салмақта Әсет Анарбаев финалға шығып, израильдік Тариэль Аббасовқа есе жіберді. Ал 88 келіде Айбек Саметаев жартылай финалда сүрініп, қола жүлдеге ие болды. Тағы бір қола медальді әйелдер арасында 80 келіден аса салмақта Арайлым Әбенова ...

    Read More »

    Катарда әлем чемпионатына арналған банкноттар шығарылды

    Катар Орталық банкі футболдан әлем чемпионатының стадиондары бейнеленген естелік банкноттарды шығарды. Естелік банкноттарда Катардың мәдени мұрасы көрсетілген. Атап айтқанда, Катар елінің ұлттық елтаңбасы, ЮНЕСКО-ның мәдени мұрасына енген Зубар бекінісі мен Доха орталығындағы зәулім ғимараттар бейнеленген. Футболдан әлем чемпионаты үшін арнайы шығарылған банкноттар Катар тарихында алғаш рет полимерлі материалдардан жасалған. Оларды елдегі банктер мен ақша айырбастау пункттерінен сатып алуға болады. Биылғы ...

    Read More »

    Әлем чемпионатына іріктеу: Қазақстан Черногорияны ірі есеппен ұтты

    Алматыда футзалдан 2024 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирінің матчы болды. Онда Қазақстан құрамасы Черногория командасымен кездесіп, 7:0 есебімен ұтты. Бұл матчта голдарды Дуглас (2-минут), Әбдірасул Әбдіманапұлы (4), Арнольд Кнауб (15), Альберт Ақбалықов (21), Біржан Оразов (25, 25) пен Азат Валиуллин (40) салды. Осылайша, Қазақстан құрамасы тоғыз ұпай жинап, негізгі кезеңнің бесінші тобындағы бірінші орнын сақтап қалды. Қазір еліміздің ұлттық құрама ...

    Read More »

    Әлем чемпионаты: дойбышы Тоғжан Тәжібекова күміс жүлде алды

    Түркияның Анталия қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы дойбыдан әлем чемпионатында Тоғжан Тәжібекова күміс жүлдегер атанды. Әлемдік додада  19 елден 200-ге тарта ойыншы келіп, бақ сынады. Бұл жолы отандасымыз 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында дойбының рапид және классика түрінен де екінші орынға ие болды. Бұған дейін ол 64 шаршылы дойбыдан дәл сол санатта әлем чемпионы атанған еді.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »

    Әлем чемпионаты: Ерғали Шамей алтын медальді жеңіп алды

    Әзербайжанның Баку қаласында өтіп жатқан парадзюдодан әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына тағы бір алтын, екі қола жүлдемен толықты. Бұған дейін елімізге алғашқы алтын медальді  48 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Ақмарал Науатбектің жеңіп алғанын хабарлаған болатынбыз. Одан кейін 73 келіге дейінгі салмақта сынға түскен  Ерғали Шамей финалдық белдесуде Германияның балуаны Сасс Леннартті 1:0 ұпаймен жеңіп, екінші алтын жүлдені иеленді. Әлем чемпионатының ...

    Read More »

    Қазақ қызы парадзюдодан әлем чемпионы атанды

    Әзербайжанның астанасы Баку қаласында парадзюдодан өтіп жатқан әлем чемпионатында Ақмарал Наутбек 48 келі салмақ дәрежесінде франциялық Аурериес Мартинет Сандринді ұтып, алтын жүлдені жеңіп алды.  Бұл – Қазақстан тарихындағы парадзюдо спортынан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының алғашқы алтын медалі. Әлемдік доданың финалына Ерғали Шимей де шыққан болатын. Әлем чемпионатында 40 елдің 300-ден астам спортшысы бақ сынап жатыр. Ақмарал Науатбек — Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы ...

    Read More »

    Таеквондодан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына аттанды

    Мексиканың Гвадалахара қаласында 13-20 қараша аралығында таеквондодан әлем чемпионаты өтеді. Пандемиядан кейін алғаш рет өтетін бәсекеге ерлер мен әйелдер арасындағы 16 салмақта 122 елден 755 спортшы тіркелген. Бұл жолы ел намысын 15 спортшы қорғайды. Ерлер құрамасы – Темірлан Тілеулес (54 кг), Самирхон Абабакиров (58 кг), Камран Нурадинов (63 кг), Алмат Қожахмет (68 кг), Нұрқанат Қожахмет (74 кг), Рахым Әділханов (80 ...

    Read More »