• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Күрес

    Әлем чемпионатына әйелдер де қатысып жатыр

    Қазақ күресінен Беларусьтің Минск қаласында өтіп жатқан əлем чемпионатының екінші күні боз кілемге қыздар шықты. Яғни, бүгіннен бастап қазақ күресінен алда өтетін барлық додаға əйелдер де қатысатын болады. Бұл — Олимпиада ойындарына кіру үшін қойылатын басты талаптардың бірі. Қазақ күресін Олимпиада секілді дүбірлі додаға қосуды мақсат етіп жүрген азаматтардың ісіне сəттілік тілейміз! Сонымен Минск боз кілемінде қыздар екі салмақ дəрежесінде белдесетін ...

    Read More »

    Қазақ күресі: төрешілер туралықтан таймайды

    Беларусь елінің бас қаласы Минскіде қазақ күресінен  VII әлем чемпионаты түңлігін түрді. Әлемнің 38  елінен палуандар жиналған дода бес салмақ дәрежесінде өтеді.  Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясының  ұйытқы болуымен өтіп жатқан әлем чемпионаты барысында төрешілерге арналған семинар ұйымдастырылды. Аталған федерацияның бас хатшысы Нұрлыбек Ермағамбетов шетелден келген командалардағы төрешілерге әлем чемпионаты кезінде қалай төрелік жасау керектігін түсіндірді. Экраннан арнайы дайындалған бейнежазба арқылы ...

    Read More »

    Қазақ күресі: әлем чемпионатына 38 ел келді

    Көптен күткен қазақ күресінен кезекті əлем чемпионаты басталды. Минск төріне 38 елдің палуаны жиналды. Мəскеу арқылы көптеген елдің спортшылары Минскге жете алмай, елдеріне кері қайтқаны туралы кеше айтқан болатынбыз. Ертең де келетін елдер бар. Əйелдер арасындағы белдесулер сол себептен ертеңге қалды. Боз кілемге бірінші болып +90 килода бразилиялық Паулина до Селва мен африкалық Мхана Холани шықса екінші кілемде қырғызстандық Мирлан ...

    Read More »

    Қазақ күресінен әлем чемпионаты басталды

    Ертең Беларусьтің астанасы Минск қаласында қазақ күресінен VII әлем чемпионаты жалауын көтереді. Ұлттық күресімізден ең алғашқы әлемдік дода 2006 жылы Алматы қаласында өткен екен. Содан бері қазақ күресінен əлем чемпионаты үзбей өткізіліп келе жатыр. Минск қаласы біздің палуандарымызға бөтен емес. 2013 жылдың желтоқсан айында осы жерде қазақ күресінен IV әлем чемпионаты өткен еді. Ол жолы дүниежүзінің 44 елінен келген спортшылар ...

    Read More »

    Қазақ күресінің желбіреген жалауы

    Серік Төкеев ағамызды бізден артық білетін адамдар көп қой. Оны өзімен өмір бойы үзеңгілес болып, сырласып жүрген әріптестері жақсы біледі. Ал біздің Серік ағамен таныстығымызға 13 жылдай ғана уақыт болыпты. Содан бері екеуміз ағалы-інілі болып сыйласып келеміз. Секеңмен таныстығым 2004 жылы басталған. Бұл – Афина Олимпиадасы өтетін жыл болатын. Сол жылы «Егемен Қазақстан» газетінде істеп жүргенімде спортшылардың төрт жылда бір ...

    Read More »

    Таразда тартысты турнирге татами төселді

     29 қыркүйек пен 1 қазан аралығында Таразда дзюдодан КСРО Спорт шебері Бақытжан Ташметовты еске түсіруге арналған  жасөспірімдер арасындағы халықаралық турнир өтті. Оған Қазақстан, Беларусь, Армения, Ресей, Грузия, Әзірбайжан, Оңтүстік Корея, Моңғолия, Қырғызстан мен Өзбекстаннан 600-ге жуық жас дзюдошы қатысты. Ал Бейжің Олимпиадасының күміс медаль иегері Асхат Житкеев пен Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Елдос Сметов турнирдің құрметті қонағы болды. КСРО Спорт ...

    Read More »

    Азия ойындары қазақ күресін құшағына алды

    Осыдан 10-20  жыл бұрын қазақ күресінің Азия ойындарына кіргелі жатыр десе ешкім сенбеген болар еді. Міне, Аллаға шүкір қазағымның ұлттық күресі Азиада бағдарламасынан ойып тұрып орын алып, Алаш жұртының сан жылдар бойы арман еткен тілеуі орындалып отыр. «Қазақ күресінің Азия ойындарында не бар? Одан не ұтады?», – дейтұғын жандар да ел ішінен табылып жатты. Жалпы айтқанда, қазақ күресі өз тарихында ...

    Read More »

    Жаттықтырушыларға жаңа міндет жүктелді

    Астанада Қазақстан күрес федерациясының кезекті отырысы өтті. Оған федерацияның вице-президенті Данияр Абулгазин, грек-рим күресі бойынша вице-президент Дәулет Тұрлықанов, халықаралық қатынастар және қоғаммен байланыс жөніндегі вице-президент Сәкен Мұсайбеков, төрешілер корпусы мен жаттықтырушылар кеңесі жөніндегі вице-президент Ерлан Қожасбай қатысты. Жиында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен ұлттық құрама команданың есебі тыңдалды. Жаттықтырушылар Парижде өткен әлем чемпионатының қорытындысы туралы есеп берді. Отырыста бапкерлерге күресті ...

    Read More »

    Тимур Құлыбаев грек-рим күресінен ұлттық құраманы құттықтады

    Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Тимур Құлыбаев грек-рим күресінен Қазақстан құрамасын Парижде өтіп жатқан әлем чемпионатындағы сәтті өнер көрсетуімен құттықтады. Айта кетейік, соңғы алты жылда Қазақстан балуандары алғаш рет әлнм чемпионатының финалына шығып, екі күміс медаль еншіледі. ҚР ҰОК басшысы әлемнің вице-чемпиондары Демеу Жадраев пен Мейрамбек Айнағұловқа және грек-рим күресінен Қазақстан ұлттық құрама командасының бас жаттықтырушысы Нұрым Дүйсеновке алғысын білдірді. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитеті атынан және ...

    Read More »

    Еламан Ерғалиев «Қазақстан барысы» атанды

    Астанада өтіп жатқан қазақ күресінен «Қазақстан барысы-2017» турнирінің жеңімпазы анықталды.. Алматы облысының өкілі Ұлан Рысқұл мен «Әскер барысы» Еламан Ерғалиев бас жүлдеге таласты. Аса тартысты өткен шешуші сында Еламан Ұланды қапы қалдырып «Қазақстан барысы-2017» атағын жеңіп алды. Осылайша Ұлан Рысқұл күміс жүлдегер, Айбек Нұғымаров қола жүлдегер атанды. Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды жеңіп алған Ерғалиев 25 миллион теңгені және алтын белбеу ...

    Read More »