Қазақстанның дзюдодан ұлтттық құрама командасы 20-22 желтоқсан күндері өтетін әлемдік Masters турниріне қатысады.
Қазақстан дзюдо федерациясының хабарлауынша, жылдың қорытынды жарысы Израиль елінің Иерусалим қаласында болады.
Masters додасында ел намысын мына спортшылар қорғайды.
Әйелдер:
Әбиба Әбужақынова (48 кг)
Севара Нишанбаева (57 кг)
Кәмила Берліқаш (+78 кг).
Ерлер:
Елдос Сметов (60 кг)
Бауыржан Нарбаев (60 кг)
Мағжан Шамшадин (60 кг)
Ғұсман Қырғызбаев (66 кг)
Данияр Шамшаев (73 кг)
Жансай Смағұлов (73 кг)
Абылайхан Жұбаназар (81 кг)
Дидар Хамза (90 кг)
Нұрлыхан Шархан (-100 кг).
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА