• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Басты тақырып

    Семсерлесуші Кирилл Проходов Азия чемпионы атанды

    Қазақстан құрамасы Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан семсерлесуден жастар арасындағы Азия чемпионатында үш жүлдені жеңіп алды, деп хабарлады Ұлттық Олимпиада комитеті. Шпагадан ерлер арасындағы жекелей сайыста Кирилл Проходов Азия чемпионы атанды. Финалда ол Гонконг өкілі Вонг Пак Юды 15:12 есебімен жеңді. Қайша Жәнібек күміс жүлдеге ие болды. Ол қылыш сайысында Гонконг спортшысы Джейн Саммер Ситке 8:15 есебімен есе жіберді. Ал ...

    Read More »

    Зейнеп Баянова әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

    Астана қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына қола жүлде түсті. Қазақстан командасының спортшысы, жазғы Азия ойындары мен Ислам Ынтымақтастығы ойындарының қола жүлдегері Зейнеп Баянова кіші финалда Еуропа чемпионатының қола жүлдегері, Беларусь өкілі Наталья Варакинамен күш сынасты. Бұл сында отандасымыз қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, 50 кг дейінгі салмақта қола жүлдеге ие болды. Кеше Баянова жарысты 8/1 айналымнан бастап, ...

    Read More »

    Жәмила Бақбергенова әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін күреседі

    Астана қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында екінші жарыс күнінің жартылай финал белдесулері басталды. Жәмила Бақбергенова (-72 кг) Қытай өкілі Зелу Лимен финалға берілер жолдаманы сарапқа салды. Бұл сында отандасымыз қарсыласынан 4:2 есебімен жеңілді. Енді ертең ұлттық құрама спортшысы қола медаль үшін бақ сынайды. Оның қарсыласы жұбаныш кезеңінен соң белгілі болады. Бүгін іріктеуде Жәмила Бақбергенова Молдова өкілі Эмилия Кречунды, ...

    Read More »

    «Намыс» клубының жауынгерлері ел намысын қорғады

    Үндістанның Пинджап қаласында 23-25 қазан аралығында Arashi ММА аралас жекпе-жектен әлем чемпионатына қатысқан «Намыс» top team аралас жекпе-жек клубының екі жаттықтырушысы мен екі жауынгері төрт бірінші орынды иеленді. Сонымен бірге Жасұлан Бекболатұлы, Нұрхан Асқаров, Әли Кенжал мен Әли Ермеков алтын жүлдені жеңіп алды. Ал бұл жеңіс өздігінен келген жоқ. Жаттықтырушылар Бекболат Сағиев пен Жасұлан Бекболатұлының қажырлы еңбегі нәтижесін берді. Бұл ...

    Read More »

    Жәмила Бақбергенова әлем чемпионатында жартылай финалға шықты

    Астанада күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатының кезекті жарыс күні әйелдер күресімен жалғасты. Ұлттық құрама көшбасшысы, әлем чемпионатының төрт дүркін жүлдегері Жәмила Бақбергенова (-72 кг) ширек финалда Украина өкілі, U23 әлем чемпионатының қола жүлдегері, Еуропа чемпионы Надия Соколовскамен белдесіп, 9:1 есебімен жеңіске жетті. Енді бірнеше сағаттан соң Бақбергенова жартылай финалда Қытай өкілі Зелу Лимен күш сынасады. Жартылай финал сағат 16:30-да ...

    Read More »

    Күрестен ӘЧ: Баянова мен Раимова қола жүлде үшін күреседі

    Астанада күрестен өтіп жатқан әлем чемпионатында Зейнеп Баянова мен Нилуфар Раимова қола медаль үшін күреседі. Зейнеп Баянова жартылай финалда 50 келіге дейінгі салмақта Үндістан өкілі Ниламмен күресіп, 7:3 есебімен жеңіліп қалды. Нилуфар Раимова да финалға шыға алмады. Ол 57 келіге дейінгі салмақта Жапония өкілі Сена Нагамотодан 11:0 есебімен есе жіберді. Енді отандастарымыз қола жүлде үшін күреседі. Бүгін белдесулер болады. Кеше Исхар ...

    Read More »

    Бағдат Сабаз: «Жеңіліп жатқанда жеңіске жететініме сендім»

    Астанада күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында грек-рим күресінен 67 келі салмақта қола жүлдегер атанған Бағдат Сабазға  медаль алу оңай болған жоқ. Бұл туралы ол жарыстан кейін айтты. «Қола жүлде үшін белдесудегі күресіме көңілім толды. Қарсыласым осал болған жоқ. Олимпиада жүлдегері. Белдесу өте тартысты, қиын болды. Әлем чемпионаты өз елімізде өтіп жатқандықтан барымды салдым. Төрт ұпай айырмасымен жеңіліп жатқанда да ...

    Read More »

    Грек-рим күресінен қоржынға үш жүлде түсті

    Астанада күрес түрлерінен өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатында грек-рим күресінен белдесулер аяқталды. Қазақстан құрамасы үш қола медаль жеңіп алды. 24 қазанда басталған әлем чемпионатында еліміздің атынан он салмақ дәрежесінде он балуан сынға түсті. Алғашқы екі медальді Исхар Курбаев пен Айдос Сұлтанғали иеленсе, Бағдат Сабаз үшінші қола жүлдені ел қоржынына салды. Қазақстан күрес федерациясының хабарлауынша, 55 келіде белдескен Исхар Курбаев жарысты ...

    Read More »

    Күрестен әлемдік дода қыза түсті

    Астанада өтіп жатқан әлем чемпионатында әйелдер күресі басталып, грек-рим күресінен шешуші белдесулер жалғасын тапты. Қазақстан атынан алғаш болып бозкілемге Бейбіт Сейдуәлі шықты. Ол 65 келіге дейінгі салмақта алғашқы айналымда Гонконг өкілі Цуй Тин Саумен белдесті. Бейбіт Сейдуәлі қарсыласын айқын басымдықпен 10:0 есебімен жеңіп, 8/1 финалға жолдама алды. Бұл айналымда ол Чили өкілі Хименес Фернандестен 3:2 есебімен айласын асырып, ширек финалға шықты. Алайда ...

    Read More »

    Соңғы күнгі серпіліс

    Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында тірек-қимыл аппараты, көру қабілеті зақымданған және зияткерлік даму ерекшеліктері бар спортшылар арасында өткен V Азия Пара ойындары мәресіне жетті. Қазақстан спортшыларының арасынан жарыс алаңына соңғы болып шыққан волейболды отырып ойнаудан ұлттық құрама команда күміс медаль иеленді. Отандастарымыз финалда Иран құрамасымен ойнап, 0:3 есебімен жеңілді. Осылайша, ұлттық команда Азия Пара ойындарының күміс жүлдегері атанды. Ал ...

    Read More »