Бүгін Астанадағы Олимпиадаға дайындық штабында кезекті басқосу болды. Жиынға белгілі қоғам қайраткерлері, Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері, спорт журналистикасының ардагерлері қатысып, штаб өкілдерімен бірге ұлттық құраманың алдағы бас додаға дайындығын пысықтады, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Қонақтар қатарында дүниежүзілік және Қазақстан тоғызқұмалақ федерациясының президенті Әлихан Бәйменов, қоян-қолтық ұрыстан республикалық федерация басшысы Абай Тасболатов, 1972 жылғы Мюнхень Олимпиадасының күміс жүлдегері Виктор ...
Read More »Басты тақырып
Кирилл Герасименко үстел теннисінен Олимпиада жолдамасын алды
Үстел теннисінен Қазақстан командасының көшбасшысы Кирилл Герасименко Олимпиялық ойындарға жолдаманы жеңіп алды, деп хабарлады olympic.kz. Ол енді іріктеу кезеңдерінде жинаған ұпайы бойынша Олимпиадаға қатысады. Халықаралық үстел теннисі федерациясының жаңарған рейтингінде теннисші құрлықта жолдама алмаған спортшылар арасында бірінші орында тұр. Айта кету керек, Герасименко осымен үшінші рет Олимпиялық ойындарға жолдама алып отыр. Ол Рио-2016 және Токио-2020 ойындарына қатысқан. Қазір елімізде Олимпиадаға ...
Read More »Шахматтан АЧ: рапидтен чемпиондар анықталды
Шахматтан Алматы қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы XVI Азия чемпионатында рапид сайысында чемпиондар мен жүлдегерлер анықталды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Оның нәтижесінде елімізден төрт ойыншы, ФИДЕ, яғни Ресей мен Үндістаннан үш-үш адамнан, Вьетнам мен Ираннан бір-бір шахматшыдан чемпион атанды. Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде екі күнге созылған сайыста 7 жастан 18 жасқа дейінгі 630-ға жуық ...
Read More »Алматыда шахматтан Азия чемпионаты басталды
Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында шахматтан жасөспірімдер арасындағы XVI Азия чемпионаты басталды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Оған 7-18 жас аралығында 34 елден жиналған 650-ге жуық жас ойыншы қатысып жатыр. Бұл еліміз қабылдаған халықаралық деңгейдегі шахмат турнирі арасында бұрын-соңды болмаған көрсеткіш. Жас шахматшылар 10-20 маусым аралығында классика, рапид және блицте бақ сынайды. Чемпионат Туризм ...
Read More »Ақпейіл Өсім велоспорттан Азия чемпионы атанды
Бүгін Алматы қаласында тас жолдағы велоспорттан Азия чемпионатының кезекті жарыс күні болды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. 23 дейінгі қыздар арасындағы 112,6 шақырымтоптық жарыста ұлттық құраманың спортшылары қос жүлдені жеңіп алды. Отандасымыз Ақпейіл Өсім мәре сызығын 2:56:51 уақыт көрсеткішімен бірінші болып кесіп өтсе, Елизавета Склярова қола медаль иеленді. Күміс жүлде индонезиялық Девика Соваға бұйырды. Азия чемпионатында ...
Read More »Елімізде «Атлетико Мадрид» клубының академиясы ашылады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Атлетико Мадрид» футбол клубының президенті Энрике Сересо Торреспен кездесті, деп хабарлады Ақорда. Президентке елімізде «Атлетико Мадрид» футбол академиясын ашу жобасы таныстырылды. Қасым-Жомарт Тоқаев испаниялық клубтың футбол әлеміндегі беделі зор екенін атап өтіп, елімізде спорттың осы түрін дамытуға және тәжірибе алмасуға қызығушылық танытқаны үшін Энрике Сересо Торреске алғыс білдірді. Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстанда футболды дамытуға айрықша назар ...
Read More »ҚФФ «Қайрат» футзал клубына айыппұл салды (ВИДЕО)
Астанада Қазақстан футбол федерациясының Әдеп жөніндегі комитетінің отырысы өтіп, қарсылас команданың атрибутикасына құрметсіздік танытқан «Қайрат» футзал клубы ойыншыларының мәселесі қаралды. Отырыстың қорытындысы бойынша «Қайрат» АФК-ға 500 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. ҚФФ айыппұлды 2024 жылдың 10 шілдесіне дейін төлеу қажет деген шешімге келді. Сонымен бірге «Қайрат» АФК бас директоры Әсем Құжановаға ескерту түрінде тәртіптік санкция салынсын деген шешім шығарылды. «Қайрат» АФК араңдатушыларды тауып, ...
Read More »Бүгін футболдан Қазақстан мен Әзербайжан құрамалары ойнайды
Бүгін Мажарстанның Сомбатхей қаласындағы «Халадаш» стадионында футболдан Қазақстан мен Әзербайжан елдерінің ұлттық құрамаларының жолдастық матчы болады. Ойын сағат 21:00-ден бастап Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Осы кезге дейін ұлттық құрама командалар бір-бірімен сегіз рет ойнаған. Оның екеуінде Әзербайжан жеңіске жетсе, төртеуінде Қазақстан құрамасы басым түсті. Екі ойын тең нәтижемен аяқталған. ФИФА рейтингінде Қазақстан 100-орында тұрса, Әзербайжан 113-орында келеді. Бұл ойында ...
Read More »Жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпионаты басталды
Бүгін Алматыда жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпионаты басталды, деп хабарлады olympic.kz. Таңғы бағдарлама аясында алғашқы медальдар жиынтығы сарапқа салынды. Спорттық жүрістен алматылық Ясмина Тоқсанбева топ жарды. Екінші орынды Галина Якушева (ШҚО), үшінші орынды Эльмира Калимуллина (Алматы) жеңіп алды. Ерлер арасында Алматы қаласының тұрғыны Виталий Терехин жеңіске жетті. Балға лақтырудан Анастасия Калошина (ШҚО) чемпион атанды, Диск лақтырудан ерлер арасында Евгений Миловацкий (Маңғыстау ...
Read More »Боксшылар Олимпиадаға соңғы дайындықты бастайды
Бокстан Қазақстан ерлер құрамасы Түркияның Анталья қаласындағы бір апталық жаттығу жиынын аяқтады, деп хабарлады olympic.kz. Кеңейтілген құраманың жиыны бір аптаға созылып, боксшылар жағажайда жаттықты. Сондай-ақ, Жерорта теңізіне шомылып, көгалда командалық ойындар ұйымдастырылды. Субтропикалық климатта бойына күш-қуат жинаған спортшылар үйлеріне тарқасты. Санаулы күнде ұлттық құрама Алматы облысындағы олимпиадалық базада оқу-жаттығу жиынына кіріседі. Париж Олимпиадасының алдындағы соңғы екі кезең жаттығу қалды. Соның алғашқысы ...
Read More »