• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Басты тақырып

    СІМ Америкада көз жұмған қазақ спортшысына қатысты түсінік берді

    Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров АҚШ-та көз жұмған cпортшы Мұхамбет Қуатбектің өліміне қатысты түсінік берді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі. 2024 жылғы 19 наурызда Нью-Йорк қаласындағы консулдыққа Филадельфия қаласында Қазақстан азаматының қайтыс болғаны туралы ақпарат түсті. Отандасымыздың денесі 16 наурызда Филадельфиядағы мәйітханаға жеткізілді. Филадельфия қаласы сот-медициналық кеңсесінің мәліметінше, өлім жүректің тоқтап қалуынан болған. Нақты ақпаратты күтеміз. Қазақстанның консулы қайтыс болған ...

    Read More »

    Семсерлесушілер Олимпиада жолдамасын сарапқа салады

    22-24 наурыз күндері Грузияның Тбилиси қаласында шпагамен семсерлесуден Әлем кубогы кезеңі болады. Онда әлемнің 60-тан астам елінен жиналған спортшылар рейтингілік ұпай мен Париж Олимпиадасының жолдамасы үшін бақ сынайды, деп хабарлады olympic.kz. Бұл турнирде Руслан Курбанов пен Эльмир Әлімжанов бастаған құрама тарихта тұңғыш рет командалық сында лицензия жеңіп алуы мүмкін. Әлем кубогына Қазақстан сапынан 12 спортшы қатысады. Олар — Руслан Курбанов, ...

    Read More »

    Маңғыстаулық Майис Әлиев Олимпиаданың жолдамасына таласады

    19-21 сәуір күндері Қырғызстанның астанасы — Бішкекте күрес түрлерінен өтетін Азия аймақтық іріктеу турниріне қатысатын Қазақ балуандары анықталды, деп хабарлады Қазақстан грек-рим, еркін күрес және әйелдер күресі федерациясы. Бішкек қаласында күрес түрлерінен он сегіз салмақта Олимпиялық ойындардың жолдамасы ойнатылады. Қазақстаннан он алты балуан (5-грек-рим күресінен, 5-еркін және 6-әйелдер күресінен) күреседі. Күрестен Париж Олимпиадасына жолдамасына ұлттық құраманың мына балуандары қатысады: Грек-рим ...

    Read More »

    Бәрін журналистер мен блогерлер шешетін болса, біз не істеп жүрміз? – Мырзағали Айтжанов

    Биыл Францияның астанасы – Париж қаласында төрт жылда бір айналып келетін жазғы Олимпиялық ойындар шеру тартады. Әзірше осы дүрмекті додаға ерлер арасындағы ұлттық құраманың алты боксшысы ғана жолдама алып қойды. Енді бір лицензияның тағдыры Таиландтың астанасы – Бангкок қаласында болатын халықаралық турнирде шешіледі. Бұл жарыс 26 мамыр мен 2 маусым аралығында жалауын желбіретіп тұрады. Қазір ұлттық құрамада 63,5 келі салмақтағы ...

    Read More »

    Lisbon half marathon – 2024: желаяқ журналист тағы жарысқа шықты (ФОТО)

    Белгілі журналист, кәсіпкер, былтыр АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында алғаш болып отандастарымыздың арасында алты мэйжор марафонды sub 3, яғни үш сағат ішінде жүгірген Еренғайып Қуатайұлы Португалияның Лиссабон қаласында өтіп жатқан Lisbon half marathon – 2024 марафонына қатысып жатыр. Кеше ол марафонда жүгіріп, мәреге 1 сағат 21 минут 53 секундтта жетті. Оның айтуынша, нәтиже жаман емес. Жалпы, Еуропада Лиссабоннан басқа тағы бес жарты ...

    Read More »

    Бакуде Қамшыбек Қоңқабаев қолғап түйістіреді

    23 наурызда Әзербайжан Республикасының астанасы —  Бакуде «Ұлы жібек жолы» халықаралық турнирі болады. Бір аптаға созылатын жарысқа Қазақстан боксшылары да қатысады, деп хабарлады Қазақстан бокс федерациясы. Оған 10-нан астам елден 100-ден аса боксшы қатысып, күш сынасады. Қазақстан құрамасы 11 салмақ дәрежесінде сынға түседі. Ұлттық құрама команданың сапында Теміртас Жүсіпов (48 кг), Дамир Әбдіқадыр (51 кг), Тимур Қабешов (54 кг), Талғат ...

    Read More »

    «Наурызнама»: Астанада ұлттық ойындар көрсетіледі (ФОТО)

    20 наурызда Наурыз мейрамын тойлау аясында Астанадағы «Арғымақ» ат-спорты кешенінде ұлттық спорт күніне арналған «НАУРЫЗНАМА: Ұлттық спорт күні» мерекелік іс-шарасы болады, деп хабарлады Астана қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасы. Мерекелік іс-шарада көкпар, аударыспақ, теңге ілу, қыз қуудан көрсетілімдер және тоғызқұмалақ пен асық атудан шеберлік сабақтары жоспарланған. Қонақтарға қазақы тазы және бүркіт көрсетіледі. Сондай-ақ, қолөнершілер жәрмеңкесі, ұлттық спорт ардагерлерін марапаттау ...

    Read More »

    Асық спорты халықаралық федерациясының президенті сайланды

    Парламент Мәжілісінің депутаты, Respublica партиясының мүшесі Олжас Құспеков Көшпенділердің Асық спорты халықаралық  федерациясының президенті болып сайланды. Көшпенділердің Асық спорты халықаралық  федерациясының тұсаукесері Respublica партиясының кеңсесінде болды. Жаңадан сайланған ұйым президенті асық ойынының спортқа теңестірілуі, асық атумен қанша команда мен спортшының айналысатыны, осы салада спорт шеберлерінің бар-жоғы, Халықаралық федерация осы ұлттық спорт түрін қалай дамытуды жоспарлап отырғанын айтып берді. Осы жерде ...

    Read More »

    Астанаға мың бұралған гимнастшылар келе жатыр

    22-25 наурыз аралығында Астанадағы Qazaqstan жеңіл атлетика спорт кешенінде көркем гимнастикадан ALEM CUP халықаралық турнирі болады, деп хабарлады Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы. Оған 2008-2010 жылдары дүниеге келген және одан кіші санаттағы спортшылар қатысады. Сондай-ақ жарысқа қатысушылар топтық жаттығуларда да бақ сынайтын болады. Турнир Халықаралық гимнастика федерациясының (FIG) көркем гимнастика бойынша 2022-2024 жылдары қолданыстағы ережелеріне сәйкес өткізіледі. Астана ...

    Read More »

    Зайнутдинов пен Айымбетов ұлттық құрама сапына қосылды (ВИДЕО)

    Футболдан Қазақстан құрамасының Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында өтіп жатқан оқу-жаттығу жиынына Түркиядан Бахтиер Зайнутдинов пен Абат Айымбетов келіп, команда сапына қосылды. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясы хабарлады. Бахтиер Зайнутдинов Ыстанбұлдың «Бешикташ» клубынан,  ал Абат Айымбетов Адана қаласының «Адана Демирспор» командасынан келді. Кім келгенін қарасаңыздаршы. Баха мен Абат қосылды. Ертең Нұралыны күтеміз, – делінген хабарламада. Қазір Қазақстан құрамасы Дубайда 8 ...

    Read More »