• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Басты тақырып

    ЕУРО-2024: БАҚ өкілдерін тіркеу басталды

    Биыл футболдан Германия Федеративтік Республикасында болатын Еуропа чемпионатына бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін тіркеу басталды, деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясы. Журналистер аккредитацияға өтініштерді Еуропа футбол одағы қауымдастығының порталына жібере алады. Медиа портал 29 қаңтардан бастап ашылған. ЕУРО-2024 финалдық турнирі 14 маусым мен 14 шілде аралығында болады.  қатысуға өтініш білдіргісі келетін БАҚ өкілдері өз өтініштерін УЕФА медиа порталы арқылы жібере алады. БАҚ аккредитациясына өтініш қабылдаудың ...

    Read More »

    Ташкентте ауыр атлетикадан Азия чемпионаты басталды

    Өзбекстанның астанасы -Ташкент қаласында ауыр атлетикадан Азия чемпионатының жалауы көтерілді. Чемпионаттың бірінші күні еліміздің атынан Айнұр Абдықалықова посмостқа шықты. Ол 45 келіге дейінгі салмақта жұлқа көтеруде 62 келіні, ал серпе көтеруде 75 келіні басынан асырып, екі жаттығудың қорытындысы бойынша 137 келімен төртінші орынға табан тіреді. Солтүстік Кореяның спортшысы Вон Сим Хюн 192 (86+106) келіні көтеріп, Азия чемпионы атанды. Күміс жүлдені ...

    Read More »

    Аустралияда велоспорттан Ұлттар кубогы басталды

    Бүгін Аустралияның Аделаида қаласында тректегі велоспорттан Ұлттар кубогы басталды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Қазақстан сапынан үш спортшы сынға түседі. Олар — Рамис Дінмұхаметов, Сергей Пономарев, Андрей Чугай. Әлемдік додаға 49 елден 291 спортшы қатысады. Жарыс екі күн болады. Оған ұлттық құраманы ерлер құрамасының аға жаттықтырушысы Иван Сиваш бастап барды.

    Read More »

    Конькишілер Жапонияда екі медаль алды

    Жапонияның Хатинохе қаласында конькимен жүгіруден жастар арасындағы Әлем кубогының кезеңі болып жатыр. Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының хабарлауынша, оған қатысып жатқан екі спортшымыз жүлдені жеңіп алды. 1000 метрге жарыста нео-сеньор санатында Маргарита Артемьева мәреге екінші болып келіп, күміс жүлдегер атанса, Мария Кузнецова финишке үшінші болып жетіп, қола медальді иеленді. Тағы бір спортшымыз Алена Лифатова төртінші орынды қанағат тұтты. ...

    Read More »

    Дэвис кубогы: Аргентина — Қазақстан матчының жеребесі тартылды

    Аргентинаның Росарио қаласында теннистен Дэвис кубогы турнирінің іріктеу кезеңі аясында осы елдің ұлттық құрамасы мен Қазақстан командасы матчының жеребесі тартылды. Бүгін жарыстың бірінші күні, Астана уақытымен кешкі сағат 20:00-де АТР рейтингінде 338-орында тұрған Дмитрий Попко мен Франсиско Серундоло (№22 АТР) ойнайды. Содан кейін кортқа Тимофей Скатов (№278 АТР) пен Томас Мартин Этчеверри (№28 АТР) шығады. Ертең сағат 20:00-де жұптық сында ...

    Read More »

    Астанада грек-рим күресінен ел чемпиондары анықталды

    Астана қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан Қазақстан чемпионатында грек-рим күресінің балуандары екі күн бойы кілемге шығып, өзара чемпиондар мен жүлдегерлерді анықтады. Бұған дейін ел чемпионатында 55, 63, 72, 82 және Олимпиада бағдарламасына кіретін 97 келі салмақта жүлде жиынтығын сарапқа салып, шын мықтылар құрмет тұғырының ең биік сатысына кқтерілген еді. Енді міне, 60, 67, 77, 87 және 130 кг салмақ дәрежесіндегі ...

    Read More »

    Қазақтың намысы басқалардан ерекше тұрады — армлифтингтен қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы Мұрат Нұрғазин (ФОТО; ВИДЕО)

    Бүгін армлифтингтен қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы Мұрат Нұрғазинмен кездесіп қалдық. Ойда жоқта кездестік. Бұл жігітті мен сырттай білетінмін. Расын айтқанда, онымен бірде бір рет кездеспеген едім. Енді міне, бүгін сабақты ине сәтімен дегендей, Мұрат Мырзағалиұлымен жолығудың сәті де түсті. Бұл спортшыны көп адам біле бермейтін шығар. Олай дейтінім, Мәкеңнің өзі көпшіліктің алдына көп шыға бермейді. Бұған дейін Khabar телеарнасындағы ...

    Read More »

    Күрес: Астанада Қазақстан чемпиондары анықталды

    Астанада күрес түрлерінен кезекті Қазақстан чемпионаты басталды. Оған еліміздің 20 өңірінен 600 ден астам күрес шебері қатысып жатыр. Чемпионаттың бірінші күні кілемге грек-рим күресінің шеберлері шығып, 55, 63, 72, 82 және Олимпиада бағдарламасына кіретін 97 келі салмақта жүлде жиынтығын сарапқа салды. Төменде өз салмағында ел чемпионы және жүлдегер болған балуандарды ұсынамыз: 55 кг 1) Нұрзат Қабдырақымов (Жетісу облысы) 2) Айбек ...

    Read More »

    Канвон-2024: Қазақстан қысқы Олимпиадада 20-орын алды

    Оңтүстік Кореяның Канвон провинциясының Каннын қаласында Азия құрлығында алғаш рет өткен қысқы спорт түрлерінен IV жасөспірімдер Олимпиадасы аяқталды.   Каннын қаласындағы Youth Olympic Park кешеніндегі жабылу салтанатында еліміздің көк байрағын Берік Боранбаев пен Мерей Тастемір ұстап шықты. Ашық аспан астында өткен кеш кезінде семсерлесуден Олимпиада чемпионы, Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) президенті Томас Бах Оңтүстік Корея мемлекетіне жарысты ұйымдастырып, лайықты деңгейде өткізгені ...

    Read More »

    Англияның клубы Өзбекстанның футболшысын шақырды

    «Брентфорд» Мухаммедали Уринбоевтың трансферін жариялады. Англияның «Брентфорд» клубы «Пахтакор» ойыншысы Мухаммедали Уринбоевпен келісімшарт жасағанын жариялады. 18 жастағы шабуылдаушы жартылай қорғаушыны АПЛ клубы жарты жылға жалға алды. Ағылшын клубының хабарлауынша, «Брентфорд» маусым соңында Мухаммедали Уринбоевты сатып алу құқығына ие болады.  Ол Нил Макфарлейн басқаратын екінші командада ойнайды. Кез келген футболшы Премьер-лигада ойнауды армандайды. Мен де сол арманға бір қадам жақындағаныма өте ...

    Read More »