• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Басты тақырып

    Министр Олимпиада қалашығындағы спортшылардың жағдайымен танысты (ВИДЕО)

    Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев пен Ұлттық Олимпиада комитетінің басшылығы Канвон провинциясының Каннын қаласындағы Олимпиада қалашығына барып, спортшылар және жаттықтырушылармен кездесті, деп хабарлады ведомство. Ермек Маржықпаев IV қысқы Жасөспірімдер Олимпиадасына қатысуға келген атлеттеріміз орналасқан бөлмелерді аралап, жалпы жиналыс өткізді. Бәріңізді осында, жарыс өтетін жерде көргеніме қуаныштымын. Қаншама қонақ пен спортшылардың келгенін өздеріңіз көріп жатырсыздар. Барлығы 70-тен астам елден 1800-ге ...

    Read More »

    Рыбакина Australian Open турнирімен қош айтысты

    Елена Рыбакина Australian Open турнирінде ресейлік Анна Блинковадан жеңіліп, жарыспен қош айтысты. Рыбакина екінші айналымда ресейлік теннисшіден 1:2 (4:6, 6:4, 6:7 (20:22) есебімен есе жіберді. Енді 1/16 финалда Анна Блинкова италиялық Ясмин Паолинимен күш сынасады. Турнирдің жалпы жүлде қоры — 39 264 000 доллар. Аустралия ашық чемпионатында тағы бір ресейлік спортшы 16 жастағы Мира Андреева әлемнің алтыншы ракеткасы Онс Жаберді ...

    Read More »

    Олимпиада чемпионы музейге естілік жәдігерлерді сыйлады

    Футболдан 1988 жылғы Олимпиада чемпионы Евгений Яровенко Қазақстан футболының музейіне естелік жәдігерлерді сыйға тартты, деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясы. Ол музейге КСРО құрамасының 1988 жылғы ойын жейдесі, Олимпиялық ойындарға қатысқан спортшының медалі мен Оңтүстік Кореяда өткен Ойындардан естелік фотосуреттерді тарту етті. Яровенко өзі киген футьбол киімдері мен басқа да заттарды табыс ете отырып, музей қорының одан сайын құнды материалдармен толығы ...

    Read More »

    Кипр клубы Максим Самородовты командаға шақырды

    Кипрдың «Красава» футбол клубының президенті Евгений Савин ұлттық құрама мен «Ақтөбе» клубының шабуылшысы Максим Самородовты командаға шақырды. Ол футболшыны «Красава» жасағына сатып алғысы келетінін айтты. Макс, бері қарашы. Мен саған мынадай ұсыныс айтқым келеді. Сен ұсыныстан бас тартпайды леп ойлаймын. Енді ол жағын өзің көресің. Биылғы маусымда «Красава» жоғарғы лигаға шықса, сен бізге келесің. Чемпионатта 20 гол салсаң, Италияның «Торино» ...

    Read More »

    Қазақстан Thailand Cup турнирінде қола медаль жеңіп алды

    Таиландтың Канчанабури өңірінде маунтинбайктан Thailand Cup турнирі аяқталды. Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының хабарлауынша, турнирге Қазақстан ұлттық құрамасының спортшылары да қатысып, бір қола медаль жеңіп алды. Әйелдер арасында Алина Саркулова мәреге үшінші болып келіп, қола жүлдегер атанды. Тағы бір қазақстандық спортшы Татьяна Генеоева финишке алтыншы болып жетті. Ерлер арасында Егор Карасев 18-орынды иеленді. Одан басқа 23 жасқа толмаған ...

    Read More »

    Хоккейден ӘЧ: Қазақстанның қыздар құрамасы алғашқы жеңісіне жетті

    Нидерланд Корольдігінің Херенвен қаласында хоккейден 18 жасқа дейінгі қыздар арасында өтіп жатқан әлем чемпионатының ІІ дивизионында Қазақстан құрама командасы алғашқы жеңісіне жетті. Қазақстан құрамасы А тобында Түркия командасының қақпасына жауапсыз 6 шайба салып, алғашқы ұпайын алды. Осының арқасында еліміздің хоккейшілері топтан шығу мүмкіндігіне ие болды. Бірінші турда Қазақстан Ұлыбритания құрамасымен кездесіп, 0:4 есебімен жеңілген болатын. Жалпы ІІ дивизионда Қазақстан, Қытай, ...

    Read More »

    Нысана көздеуден Қазақстан командасы Олимпиадаға бес жолдама алды

    Қазақстан ұлттық құрама командасының мергендері Индонезияның астанасы – Жакарта қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының соңғы күні тағы 3 күміс жүлдені жеңіп алды, деп хабарлады уризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы. Аралас қарқында қозғалатын жылжымалы нысана көздеуде (10 метр) Фатима Ирназарова күміс жүлдегер атанды. Ол жарыста 361 ұпай жинап, тек Қатар спортшысына есе жіберді. Ал ерлер арасында Асадбек Назиркульев та ...

    Read More »

    Баскетболдан ұлттық құраманың нәтижесі көңіл көншітпейді — министр

    Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев баскетбол федерациясының басшыларымен және жаттықтырушылар штабымен кездесті. Жиында федерация өкілдері баскетболдан ұлттық құрамалардың былтырғы  жылғы нәтижелерін қорытындылап, алдағы бәсекелерге дайындық жоспары таныстырылды, деп хабарлады ведомство. Баскетболдан Қазақстан құрамасы былтыр Қытайдағы Азия ойындарында жанкүйерлердің сенімін ақтай алмай, үздіктер қатарынан көріне алмады. Сонымен қатар ерлер арасындағы 5х5 құрамасы Париж Олимпиадасына жолдама беретін іріктеу жарыстарында сәтсіз ойнап, ...

    Read More »

    V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының тизері жарияланды (ВИДЕО)

    V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының тизері жарияланды. Бұл жарыс 8-14 қыркүйек аралығында Астана қаласында болады, деп хабарлады halyq-uni.kz. Көшпенділер ойындарына 100-ден астам мемлекеттен 4000-ға жуық спортшы қатысып, Астанаға 100 мыңнан астам турист келеді. Ат спорты, ұлттық күрес түрлері, садақ ату, жамбы ату, дәстүрлі интеллектуалды ойындар, саятшылық өнер, арқан тарту сынды ойынның 20 түрінен жарыс және ұлттық өнердің 10 түрінен арнайы көрсетілім ...

    Read More »

    Нысана көздеу: Азия чемпионатында құраманың қоржынына үш медаль түсті

    Индонезияның астанасы Жакартада өтіп жатқан нысана көздеуден Азия чемпионатында Қазақстан мергендері тағы 3 жүлдені жеңіп алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы. Әйелдер арасында 10 метрден жылжымалы нысана көздеуде Фатима Ирназарова 567 ұпай жинап, тағы да құрлық чемпионы атанды. Ал ерлер сайысында Илья Зотеев үздік үштікті түйіндеді. Дәл осы жаттығудағы командалық бәсекеде құрамында Андрей Худяков, Илья Зотеев ...

    Read More »