• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Басты тақырып

    Бокстан әйелдер құрамасы лицензиялық турнирге дайын отыр

    Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы 24 мамыр мен 2 маусым аралығында Таиландтың Бангкок қаласында өтетін Олимпиадаға лицензиялық турнирге оқу-жаттығуды аяқтап, дайын отыр. Спортшылар Алматы облысындағы Олимпиялық базада тыңғылықты дайындалып, оқу-жаттығу жиынында болды. Жаттығулар екі кезеңге бөлініп, жасалды. Құрамасының бас жаттықтырушысы Елдос Сайдалин әйелдер командасының жаттығуын жақсы бағалады.  Енді Таиландта жалауы көтерілетін бокс турниріне 5 спортшы қатысады. Бұған дейін хабарланғандай, жарыста Назым ...

    Read More »

    Головкин ХОК басшылығымен кездеседі

    Геннадий Головкин бастаған Қазақстан Ұлттық Олимпиялық комитетінің  делегациясы Швейцарияның Лозанна қаласына барды, деп хабарлады Olympic.kz.  Бұл жерде ҰОК делагациясы Халықаралық Олимпиада комитеттің басшылығымен кездеседі. Кездесуде халықаралық спорттық байланыстарды нығайтып, Қазақстандағы Олимпиялық қозғалысты бірігіп дамыту мәселесі қаралады, — делінген хабарламада. Бүгін ҰОК бас хатшысы Жанар Өтешева мен ҰОК бас директоры Нұрлан Нөгербек бастаған делегация Халықаралық Олимпиада комитеттің штаб-пәтері саналатын Лозаннадағы Олимпиялық ...

    Read More »

    Гимнасшы Елжаңа Таниева көпсайыстан Қазақстан чемпионы атанды

    Астанада көркем гимнастикадан өтіп жатқан Қазақстан чемпионатында Елжаңа Таниева алтын медальді жеңіп алды. Ол көпсайыс қорытындысы бойынша чемпион атанды. Күміс жүлдені Милана Парфилова, қола медальді Айбота Ертайқызы иеленді. Елжаңа Таниева биыл Азия чемпионы атанып, Париж Олимпиадасына жолдама алған болатын. Айбота Ертайқызы да Азия чемпионатында таспамен жаттығуда алтын медальді жеңіп алған еді.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА  

    Read More »

    Еуропа чемпионаты Qazaqstan мен Qazsport телеарналарынан көрсетіледі

    Футболдан Еуропа чемпионаты қай телеарналардан тікелей эфирде көрсетілетіні белгілі болды. Дүрмекті доданы тікелей эфирде көрсету құқығына «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы ие болып отыр. Жанкүйерлер ойындарды Qazaqstan мен Qazsport телеарналарынан тікелей эфирде тамашалай алады. Еуропаның үздік құрамаларының 51 матчы бір ай бойы екі арнадан көрсетіледі. Оған қоса Еуропа стадиондарында бір ай бойы корпорацияның арнайы шығармашылық тобы жұмыс істейді. Еуропа чемпионатында ымна командалар алты ...

    Read More »

    Теннистен ӘЧ: Қазақстан жасөспірімдер құрамасының қарсыластары анықталды

    20-25 мамырда Шымкент қаласында 16 жасқа дейінгілер арасында Дэвис кубогының Азия – Тынық мұхит аймағы бойынша іріктеу турнирі өтеді, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Командалық әлем чемпионатына жолдаманы Қазақстан, Аустралия, Тайбэй, Гонконг, Үндістан, Малайзия, Иран, Жапония, Оңтүстік Корея, Қытай, Жаңа Зеландия, Таиланд, Өзбекстан, Вьетнам, Иордания құрамалары сарапқа салады. Жеребе Belline Arena ұлттық теннис орталығында тартылды. Қазақстан жасөспірімдері А тобында Қытай, ...

    Read More »

    Футболдан Қазақстан құрамасының жолдастық матчтарға тізімі жарияланды

    Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының Армения мен Әзербайжан командаларымен болатын жолдастық матчтарға қатысатын ойыншылардың кеңейтілген тізімі жарияланды, деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясы. Ел құрамасы 7 маусымда Армениямен Еревандағы В.Саркисян атындағы Республикалық стадионда, 11 маусымда Әзербайжан құрамасымен Мажарстанның Сомбатхей қаласындағы «Халадаш» стадионында ойнайды. Қазақстан құрамасының тізімі: Қақпашылар: Игорь Шацкий («Ақтөбе»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Данил Устименко («Қайрат»), Александр Заруцкий («Астана»); Қорғаушылар: Александр Марочкин, Ян Вороговский, Марат ...

    Read More »

    Хоккейден ӘЧ: Қазақстан құрамасы элитадағы орнын сақтап қалды

    Хоккейден Финляндияда өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы Польша командасымен топтағы соңғы матчын ойнады. В тобындағы соңғы матч әлем чемпионатының элитасында қалатын команданы анықтады. Бұл ойында еліміздің ұлттық құрамасы турнир кестесінің ең соңында келе жатқан Польша құрамасын 3:1 есебімен жеңді. Қазақстан сапынан Никита Михайлис (13-минут), Валерий Орехов (51) пен Роман Старченко (55) бір-бір шайбаны қақпаның торына тоғытты.  Қарсылас сапынан Камиль Валега ...

    Read More »

    Бокстан ұлттық құрама Олимпиадаға іріктеу турниріне аттанды

    Бокстан Қазақстан ұлттық құрама командасы Олимпиада жолдама беретін соңғы іріктеу турниріне аттанды. Бұл турнир 24 мамыр мен 2 маусым аралығында Таиландтың Бангкок қаласында өтеді. Оған ерлер командасынан 1, әйелдер құрамасынан 4 боксшы квотаға таласады. Ерлер арасында 63,5 келі салмақта Мұхаммедсабыр Базарбайұлы шаршы алаңға шығады. Әйелдер арасында Назым Қызайбай (50 кг), Ұлжан Сәрсенбек (54 кг), Наталья Богданова (66 кг) мен Валентина ...

    Read More »

    Илхан Достиев велоспорттан Гран-приде жеңіске жетті

    Польшада велоспорттан өткен Orlen Nations Grand Prix көпкүндігінің бесінші кезеңінде ұлттық құраманың спортшысы Илхан Достиев мәреге бесінші болып келді, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Илхан Достиев Леско мен Арламув қонақ үйі арасындағы 148 шақырымды 3 сағат, 38:15 секундта жүріп өтті. Одан кейін Арно Валленборн (3:38:18) мен Емиел Верстринж (3:38:19) жетті. 21 жастағы отандасымыз жалпы есепте 7️-сатыда ...

    Read More »

    Қазақстан теннисшілері ITF Juniors J300 турнирінің жеңімпазы атанды

    Теннисші Соня Жиенбаева мен Асылжан Арыстанбекова жұптық сында Италияның Санта-Кроче қаласында өткен ITF Juniors J300 турнирінде жеңімпаз атанды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Спортшы қыздар финалда италиялық Базилетти мен Мадуззиді 6:1, 6:4 есебімен жеңді. Бұл – Соня Жиенбаева мен Асылжан Арыстанбекованың бірге жеңіп алған екінші титулы. Ақпанда қазақстандық дуэт Египеттің Каир қаласында өткен бірінші санаттағы жарыста үздік шыққан еді. Жекелей ...

    Read More »