Алматыда үстел теннисінен өтіп жатқан WTT Youth Contender халықаралық ірі турнирінде отандастарымыз үш медальді жеңіп алды.
Бұл жүлденің бәрі – қола медаль. Қыздар арасындағы U13 санатында Жәния Бекмұхамбетова финалға шығу үшін Тайбэй өкілі Ляо Юй Цзинге 0:3 есебімен жеңіліп қалды.
Осы жас санатында Арайлым Сапабек те ½ финалда ресейлік Элеонора Ширяеваға 2:3 есебімен есе жіберді.
Одан кейін Нұрдәулет Азаматұлы (U13) да қола жүлдені қанағат тұтты. Ол жартылай финалда ресейлік Матвей Мананковтан 2:3 есебімен жеңілді.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА