• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Қазақстан үстел теннисі федерациясы

    Қазақстан қоржыны жеті жүлдемен толықты

    Бүгін Алматыда  үстел теннисінен WTT Youth Contender халықаралық турнирі мәресіне жетті.

    Бұл жарыста отандастарымыз  екі күміс және бес қола медаль жеңіп алды. Оған Азия, Африка, Америка, Еуропадан 235 спортшы қатысты.

    Турнирде мына спортшылар жүлдегенлер қатарынан көрінді.

    2-орын Алан Құрманғалиев (жаттықтырушысы — Эльмира Алиева, Қарағанды).

    2-орын Злата Стадник (жаттықтырушысы — Татьяна Ким, Қарағанды).

    3-орын Қарақат Мейрхан (жаттықтырушысы Бауыржан Шайхин, Семей қ.).

    3-орын Аделя Әлжанова (жаттықтырушылары — Ернар Ыбырай, Дмитрий Переверзев, Қызылорда).

    3-орын Нұрдәулет Азаматұлы (жаттықтырушысы — Кирилл Сотник, Өскемен).

    3-орын Жәния Бекмұхамбетова (жаттықтырушысы — Юлия Даниярова, Қостанай).

    3-орын Арайлым Сапабек (жаттықтырушысы — Динара Капанова, Астана).

    Жарыстың бас төрешісі Рамон Ортега Монтестің (Испания), сондай-ақ шетелдік төрешілер мен теннисшілердің пікірінше, WTT Youth Contender өте жақсы деңгейде ұйымдастырылды.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *