Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясының мәліметіне қарағанда, Қазақстан ұлттық құрамасынан 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Жапонияның Аити префектурасы мен Нагоя қаласында өтетін XX жазғы Азия ойындарына қатысу үшін 559 спортшысы тіркелді. Бұл бәсекеде отандастарымыз жарыс бағдарламасына енгізілген 43 спорт түрінің 35-і бойынша жүлдеге таласады. Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің хабарлауынша, өтінімдерге сәйкес ...
Read More »Басты тақырып
Азиада алауы: Қазақстан спортшыларының әлеуеті зор
19 қыркүйекте Жапонияның Аичи префектурасы мен оның орталығы Нагоя қаласында ХХ жазғы Азия ойындарының жалауы көтеріледі. Жарыстар Токио қаласы мен Сидзуока, Осака және Гифу префектураларындағы ареналарды қоса алғанда, 50-ден астам спорт нысанында болады. Азиаданың бағдарламасына 43 спорт түрі мен 71 дисциплина енгізілді. Жалпы 469 жүлде жиынтығы сарапқа салынады. Азиаданың бағдарламасына 43 спорт түрі енгізілсе, соның 35-інде отандастарымыз медаль үшін таласады. ...
Read More »Месси Аргентина құрамасымен қоштасады
Лионель Месси Аргентина ұлттық құрамасы командасының жейдесінде соңғы рет алаңға шығатынын айтты. ESPN Argentina арнасының мәліметіне қарағанда, Месси 6 қазанда ұлттық құрама сапына арнайы шақырылып, ойыншы ретінде Аргентина құрамасымен ресми түрде қоштасады. Осылайша Аргентина елі көзі тірісінде аты аңызға айналған футболшыға құрмет көрсетіп, оны ұлттық құрамадан салтанатты түрде шығарып салуды жоспарлап отыр. Бұған дейін Месси Аргентина құрамасынан кетіп, жастарға жол ...
Read More »2028 жылы УЕФА Суперкубогы Астанада өтеді
УЕФА Атқарушы комитеті Астана қаласын 2028 жылғы УЕФА Суперкубогы үшін матч өтетін орын ретінде бекітті, деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясы. УЕФА Чемпиондар лигасы мен УЕФА Еуропа лигасының жеңімпаздарының матчы «Астана Арена» стадионында болады. Астананы таңдауға Қазақстан футбол федерациясының спорттық инфрақұрылымды дамыту және Еуропа футбол қауымдастықтары одағымен ынтымақтастықты нығайту бағытындағы кешенді жұмысы негіз болды.
Read More »ҚПЛ: «Қайрат» Орталық стадионда «Тобылдан» ойсырай жеңілді
Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының ХХVІ турында «Қайрат» клубы өз алаңында Қостанай қаласының «Тобыл» командасымен ойнап, ойсырай жеңілді, деп хабарлайды Egemen.kz. Командалардың бірінші матчы 11 сәуірде Қостанайда болған еді. Осы ойында қарсыластар 1:1 есебімен тең тарқасып, бір-бірінен бір ұпайды ғана жұлып алған болатын. Сол кезде «Тобыл» алты рет ойын ережесін бұзып, бір матчта алты сары қағаз алып, жасыл алаңнан әрең дегенде аяқтарын ...
Read More »Рыбакина ресми түрде әлемнің бірінші ракеткасы атанды
Қазақстанның әйелдер арасындағы жекелей сындағы бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) әлемдік рейтингінде ресми түрде көш бастады. Теннис федерациясының хабарлауынша, Рыбакинада рейтинг жаңартылғаннан кейін 9 901 ұпай бар. Ол екінші орыннан бірінші орынға көтеріліп, 7 875 ұпаймен екінші сатыда тұрған Арина Соболенкодан озды. Теннисшілер арасындағы айырмашылық 2 026 ұпай болды. Үздік үштікте 7 265 ұпаймен америкалық Джессика Пегула ...
Read More »Елена Рыбакина US Open-2026 чемпионы атанды
Қазақстанның әйелдер арасындағы жекелей сындағы бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Нью-Йоркте 2026 жылғы АҚШ ашық чемпионатын жеңіп алды. Ол US Open турнирінің финалында Беларусь өкілі Арина Соболенкомен ойнап, 6:4, 5:7, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Теннисшілер кортта 2 сағат 23 минут ойнады. Осы уақытта Рыбакина 12 эйс жасады. 12 брейк-пойнттың үшеуін сәтті пайдаланды. Осылайша, Рыбакина мансабында алғаш рет US Open чемпионы атанып, «Үлкен дулыға» турнирлеріндегі үшінші чемпиондық атақты жеңіп алды. Осы ...
Read More »VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Алматы облысының тұлпарлары топ жарды
31 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында Қырғыз Республикасында өткен VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары да өз мәресіне жетіп, көш бастаған елдер белгілі болды. Негізі түркі елдерінің ортақ тарихи-мәдени мұра төңірегінде біріктіруге және этноспортты дамытуға бағыт алған бұл аламанда Қазақстан халқы асыға күтіп, теледидардан көз алмай тамашалағанын еді. Тіпті, мұхит асып Америка елдерінен де келген тартысты жарысқа 13 елден 3 мыңға жуық ...
Read More »Бір атаның балалары Түркістанда доп тепті
…Сонау 1991 жылы Донкихотшылап таза қазақ балаларынан «НАМЫС» атты Ұлттық кәсіпқой футбол клубын құрып, Қазақстан чемпионатында 5-6 жыл ойнаған соң клубымызды демейтін жан немесе мекеме табылмағаннан кейін 4-5 жыл төмен қарап жүрдім де, қазақ футболына талант іздеу арманы ұйықтатпаған соң, 2001 жылы «БІР АТАНЫҢ БАЛАЛАРЫ ФУТБОЛ ОЙНАЙДЫ!» деген атпен бір командада бір ғана атаның балалары ойнайтын (Жүнісбаевтер, Айдаболовтар) жарыс ойлап ...
Read More »Азиада: ауыр атлетикадан ұлттық құрама жасақталды
Қазақстан ауыр атлетика федерациясы Жапонияның Аичи провинциясы мен Нагоя қаласында жалауы желбірейтін XX жазғы Азия ойындарына қатысатын спортшылардың тізімін жариялады. Дүрмекті додасында ел намысын ерлер арасында Өтепберген Әлиев (60 кг), Сайрамкез Ақмолда (65 кг), Бексұлтан Айтбай (75 кг), Алексей Чуркин (85 кг), Нұрғиса Әділетұлы (95 кг) қорғайды. Ал әйелдерден Екатерина Алякина (57 кг), Арай Нұрлыбекова (69 кг), Аянат Жұмағали (77 кг), ...
Read More »
SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары