Кореяның Вонджу қаласында 18 жасқа дейінгі теннисшілер арасындағы Азияның бейресми чемпионаты саналып келген беделді ITF Juniors турнирі (J300 санаты) мәресіне жетті, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Заңғар Нұрланұлы (ITF Juniors рейтингінде 23-орында) әлемдік жасөспірімдер теннисіндегі үздік ойыншылардың бірі екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Финалда 18 жасқа дейінгі бірінші ракеткамыз Қытай Тайбэйінің өкілі Куан Чеу Ченмен (әлемдік рейтингте 41-орында) кездесті. Бұған ...
Read More »Басты тақырып
УЕФА іріктеу турнирінің ережелерін өзгертуі мүмкін
Еуропаның футбол қауымдастықтары одағы (УЕФА) әлем және Еуропа чемпионаттарына іріктеу тәртібіне өзгертуге ұсыныс жасауы мүмкін. Бұл туралы Report агенттігінің хабарлады. Агенттіктің хабарлауынша, ұйым ойындарға трансляциялау құқығын сатудан түсетін кірістің азаюына наразы. Сондықтан іріктеу турнирлерін өткізу формуласын өзгертуге дайын. Атап айтқанда, Ұлттар лигасын әлем чемпионаты немесе Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі ретінде пайдалану ұсынылады. Сондай-ақ жұмыс тобы бір лига кестесі бар швейцариялық ...
Read More »Су спортынан АЧ: Қазақстан ватерполо командалары — қола жүлдегер!
Үндістанның Ахмедабад қаласында су спорты түрлерінен Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Турнирдің соңғы күнінде су добынан Қазақстан ерлер және әйелдер құрамалары үшінші орын үшін өткен матчтарда бақ сынап, қола медаль иеленді. Ерлер құрамасы тартысты ойында Жапония командасын 16:14 есебімен жеңді. Әйелдер құрамасы Таиланд спортшыларымен кездесіп, ойынның негізгі уақыты 6:6 есебімен тең ...
Read More »Бразилия футболшысы жеті гол соғып, ұсталды
Финляндия чемпионатының бесінші дивизионында ойнайтын «Финнкурд» клубының бразилиялық футболшысы Жонатан Геррейро дау-дамайдың ортасында қалды. Corriere della Sera басылымының хабарлауынша, ойыншы келісілген матчтарды ұйымдастырды деген күдікке ілінген. Ол демалыс күндері чемпионаттағы кезекті ойында 7 гол соғып, командасына жеңіс сыйлады. Бұл матч 8:1 есебімен аяқталды. Алайда оны бас төрешінің ысқырығы берілгенде полиция қызметкерлері алаңнан алып кетті. Содан кейін ол қамауға алынды. Ал ...
Read More »Аргентина Асық ату ойынын үйреніп жатыр
Қазан айының 9–10 күндері Мажарстанда Мажар – Қазақ этноспорт және мәдени ассоциациясының өкілдері — Жанаргүл Бақтыгерейқызы мен Балаж Гөнтер Аргентинадан келген Франциско Гислетти, Мартин Марино және Матео Бильбаоға қазақ халқының бай мәдени мұрасының бір бөлігі саналатын дәстүрлі ұлттық ойыны Асық ату мен қырғыздың Ордо ойындарын үйретті. Бұл кездесу тек мәдени танысу емес, халықтар арасындағы тарихи тамырластық пен рухани сабақтастықтың да ...
Read More »Қазақстан Лихтенштейннің қақпасына төрт допты тоғытты
Бүгін Қазақстан құрамасы Лихтенштейн командасымен футболдан 2026 жылғы әлем чемпионаты іріктеу кезеңіндегі кезекті матчын ойнады. Матчта ұлттық құрамада Ғалымжан Кенжебектің тамаша ойынымен көзге түсті. Ол әуелі 26-минутта бірінші голын соқты. Содан кейін ол командаласы Бахтиёр Зайнутдиновке пас беріп, соңғысы оны голға айналдыра білді. Екінші таймда да ойынның 57-минутында Ғалымжан Кенжебек тағы да Лихтенштейннің қақпасын нысанаға алды. Ал 81-минутта Әлібек Қасым ...
Read More »III ТМД елдері ойындары: Қазақстан құрамасы 82 жүлдемен келе жатыр
Бүгін Әзербайжанда III ТМД елдері ойындары мәресіне жетті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Жеті қалада қатар өткен кешенді жарыста Қазақстан құрамасының спортшылары 10 алтын, 24 күміс, 48 қола (барлығы 82) медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте 5-орыннан көрінді. Жекелеген спорт түрлері бойынша нәтижеміз мынадай: Каратэ (WKF) – 3 алтын, 3 күміс, 2 қола жүлде: Таеквондо ...
Read More »Бүгін қарт құрлықта ұлттық құрамалар алаңға шығады
Бүгін Еуропаның бірнеше қаласында футболдан 2026 жылғы әлем чемпионаты іріктеу турниріне қатысын жатқан ұлттық құрама командалар алаңға шығады. Матчтар төрт топтағы құрамалар арасында болады. C тобында Шотландия мен Грекия, Беларусь пен Дания ойнайды. Қазір Дания мен Шотландия турнир кестесінде екі турдан кейін 4 ұпаймен бірінші және екінші орында келе жатса, Грекия үш ұпай алды. Ал Беларусь құрамасында әзірше ұпай ...
Read More »Роналду — алғашқы миллиардер футболшы
Bloomberg агенттігінің мәліметіyt қарағанда, португалиялық футболшы Криштиану Роналдудың байлығы 1,4 миллиард долларға бағаланды, деп хабарлады ТАСС. Енді ол доллар миллиардері атанған алғашқы футболшы болды. Bloomberg алғаш рет португалиялық шабуылшының таза байлығын бағалап, оны Bloomberg миллиардерлер индексіне енгізді. Роналду 2023 жылы Сауд Арабиясының «Аль-Наср» клубымен рекордтық 200 миллион долларлық келісімшартқа қол қойды. Оның келісімшарты маусым айында ұзартылды. Қазір оның құны 400 ...
Read More »Қазақстан Азия чемпионатында 11 медаль жеңіп алды
Бүгін Үндістанда су спорты түрлерінен Азия чемпионатында көркем жүзуден соңғы жүлде жиынтығы сарапқа салынды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Командалық акробатика бәсекесінде Қазақстан құрамасы қарсылас шақ келтірмей, үздік атанды. Бұл сында ел намысын Карина Магрупова, Наргиза Болатова, Ксения Макарова, Әйгерім Құрманғалиева, Анна Павлецова, Валерия Столбунова, Жаклин Якимова мен Виктор Друзин қорғады. Барлық жарыс күндерінің қорытындысы бойынша ...
Read More »