Волейболдан Қазақстан ерлер құрамасы Қытайдың Цзянмэнь қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында плей-оффқа жолдама алды. Құрама команда B тобында бесінші орында тұрған еді. Ал 1/8 финалға тек үздік төрт команда шығады. Сондықтан Қазақстан құрамасына Оңтүстік Корея командасын жеңуді алдына мақсат етіп қойып, қарсыласын 3:1 есебімен жеңді. Енді жастар командасы әлем чемпионатының плей-офф кезеңінде ойнайды. Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА
Read More »Басты тақырып
Бокстан биылғы жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының салмақ дәрежелері бекітілді
Биыл Бахрейнде жасөспірімдер арасындағы Азия ойындары жалауын көтереді. Осы дүрмекті доданың алдында бокс жекпе-жектерінің салмақ дәрежелері ресми түрде бекітілді. Қазақстан бокс федерациясының мәліметіне қарағанда, жекпе-жектер Exhibition World Bahrain көрме орталығында болады. Оған 2009–2010 жылы туған ұлдар мен қыздар қатысып, 14 салмақ дәрежесінде жүлделерді сарапқа салады. Ұлдар: 46 келі, 50 келі, 54 келі, 60 келі, 66 келіге 75 келіге дейін және ...
Read More »Қазақстан құрамасының Уэльспен және Бельгиямен матчтарға ойыншыларының соңғы тізімі
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Әли Әлиев қыркүйек айында болатын Уэльспен және Бельгиямен матчтарға шақырылған ойыншылардың соңғы тізімін жариялады, деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясы. Қақпашылар: Мұхаммеджан Сейсен («Астана»), Темірлан Анарбеков («Қайрат»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»); Қорғаушылар: Әлібек Қасым, («Ақтөбе»), Ян Вороговский («Астана»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Наурызбек Жагоров («Тобыл»), Еркін Тапалов («Қайрат»), Сергей Малый, Ұлар Жаксыбаев, Сұлтанбек Астанов (бәрі – «Ордабасы»); Жартылай қорғаушылар: Ислам ...
Read More »Дмитрий Панарин бадминтоннан күміс жүлдегер атанды
Қазақстан бадминтон құрамасының көшбасшысы Дмитрий Панарин Камерунның астанасы — Яундеде өткен ірі халықаралық турнирдің финалына шығып, күміс жүлдегер болды. Ерлер арасындағы жекелей сайыстың фитналында отандасымыз Индонезия өкілі Прадиска Шудживомен ойнады. Бұл ойын қарсыластың пайдасына 2:0 есебімен (21:13, 21:7) аяқталды. Осылайша, Панарин жарысты екінші орынмен тәмамдады. Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА
Read More »Күрестен ӘЧ: Қазақстан төртінші жүлдесін жеңіп алды
Қазақстан құрамасы грек-рим күресінен Болгарияның Самоков қаласында өтіп жатқан U20 әлем чемпионатындағы белдесулерін аяқтады. Дүбірлі доданың соңғы күні екі отандасымыз бозкілемге шықты. Бірінші болып 87 келіге едйінгі салмақта Темірлан Тұрдақын күресті. Ол қола медаль үшін белдесуде Әзербайжан спортшысы Орхан Гаджиевті жеңді. Одан кейін 63 келіге дейінгі салмақта Дамир Ибраишов та үшінші орын үшін күш сынасты. Алайда ол Ресей балуаны Игорь Пунченкодан ...
Read More »WTT Feeder Panagyurishte: Зәуреш Ақашева үстел теннисінен қола жүлдегері атанды
Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының өкілі Зәуреш Ақашева Болгарияның Пангарюште қаласында өткен WTT Feeder Panagyurishte турнирінде қола медальді жеңіп алды. Турнирде Ақашева Мириам Карновалені (Италия) 3:1, Доминика Вильчковоны (Словакия) 3:0, Шима Сафаэиді (Иран) 3:2 есебімен жеңді. Дегенмен оның украиналық Анастасия Димитренконы жеңіге шамасы келе алмай, одан 1:3 есебімен жеңілуге мәжбүр болды. Соның кесірінен ол үшінші орынды қанағат тұтты. Осы жарыста отандастарымыз ...
Read More »WTA 250: Анна Данилина АҚШ-тағы турнирдің жеңімпазы атанды
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Анна Данилина АҚШ-тың Кливленд қаласында өткен WTA 250: турнирінің жеңімпазы атанды. Ол сербиялық Александра Крунич екеуі жарыстың бірінші ракеткалары болып есептеліп, финалда тайбэйлік Чань Хаочин мен қытайлық Синью Яньді жеңді. Бірінші партияда тай-брейкте Данилина мен Крунич қарсыластарын 7:6 (7:3) жеңсе, екінші сетте 6:4 есебімен айласын асырды. Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА
Read More »Күрестен ӘЧ: Арсен Жұма — қола жүлдегер!
Арсен Жұма грек-рим күресінен Болгарияның Самоковта қаласында өтіп жатқан U20 әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды. Ол 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде құрмет тұғырының үшінші сатысынан көрінді. Балуан үшінші орын үшін күресте Қырғызстан спортшысы Омур Ынтымак уулун тізе бүктірді. Бұған дейін Диас Сейітқалиев (82 келіге дейін) күміс жүлдені иеленген болатын. Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА
Read More »«Қайрат» футзалдан суперкубоктың иегері!
Бүгін Орал қаласында футзалдан Алматының «Қайрат» клубы мен Семейдің «Семей» командасы Қазақстан суперкубогын сарапқа салды. Бұл матчтың ерекшелігі, футзал тарихында алғаш рет суперкубок ойыны Батыс Қазақстан облысында болды. Командалар жаңа әрі заманауи спорт кешенінде күш сынасты. Былтыр «Қайрат» «Семейді» 3:1 есебімен жеңіп, суперкубоктың иегері атанған еді. «Қайрат» бұған дейін 11 рет суперкубокты жеңіп алған. Алматының клубынан кейін «Ақтөберентген» командасы екі ...
Read More »Күрестен ӘЧ: Диас Сейітқалиев U20 санатында күміс жүлдегер атанды
Балуан Диас Сейітқалиев грек-рим күресінен Болгарияның Самоков қаласында өтіп жатқан U20 әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болды. Ол 82 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде құрмет тұғырының екінші сатысына көтерілді. Финалда Сейітқалиев Михаил Шкаринге 1:4 есебімен жеңілді. Осылайша, грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы жүлде түсті. Енді ертең Арсен Жұма (55 келіге дейін) қола жүлде үшін күреседі. Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА
Read More »