Астанада Президент кубогы үшін теннистен өтіп жатқан челленджер турнирінде Заңғар Нұрланұлы сенсациялық нәтижеге жетті, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы.
Заңғар Нұрланұлы жұптық сында словакиялық Михал Крайчимен бірге алғашқы айналымда поляк Олаф Печковски мен үндістандық Сингх Каранды 6:4, 6:1 есебімен жеңді.
Бұл Заңғар Нұрланұлының спорттық жолындағы челленджер додасындағы алғашқы жеңісі болып отыр. Отандасымыз ең шешуші тұстарда шеберлігін көрсетіп, сәтті ойнай білді.
Енді Заңғар Нұрланұлы мен Михал Крайчи жартылай финалға шығу үшін жарыстың 3-ракеткалары, жапон Тайсей Ишикава мен Кокоро Исомурамен ойнайды.
Тағы бір қазақстандық теннисші Григорий Ломакин австралиялық Эдвард Уинтермен бірге ширек финалға шықты. Олар таилық Максимус Джонс пен грузиялық Саба Пурцеладзені 6:3, 7:6 (7:1) есебімен жеңді.
Ломакин мен Уинтер ширек финалда турнирдің 2-ракеткалары, жапон Кусухарамен және Накагавамен күш сынасады.