• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Бүкіләлемдік күрес одағы

    Жаңажол Қуанышбек — грек-рим күресінен әлем чемпионы!

    Грекияның астанасы — Афина қаласында жасөспірімдерарасында грек-рим күресінен өтіп жатқан әлем чемпионатынан қуанышты хабар келіп жетті.

    U17 әлемдік додасының үшінші күнінде «Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайының спортшысы Жаңажол Қуанышбек 45 кг салмақ дәрежесінде күресіп, алтын медаль иегері атанды.

    Жаңажол Қуанышбектің әлем чемпионы атағын жеңіп алғанына «Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайының аға жаттықтырушысы Асхат Жаңбыров пен жаттықтырушы Жарқын Тұрсыновтың еңбегін атап өткен жөн.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *