• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Туризм және спорт министрлігі

    Семсерлесуден ӘЧ: Қазақстан тарихи қола жүлдені жеңіп алды

    Семсерлесуден Грузияның Тбилиси қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында сапы сайысынан сынға түскен Кирилл Проходов, Руслан Курбанов, Вадим Шарлаимов пен Эльмир Әлімжанов төрттігі үшінші орын жарыста тоғыз дүркін Олимпиада чемпионы (1908, 1924, 1932, 1948, 1980, 1988, 2004, 2008, 2016) Францияны жеңіп, қола жүлдеге ие болды деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

    Екі елдің құрама командасы 2023 жылдың ширек финалында да жолығып, сол кездесуде Францияның семсерлесушілері жеңген еді. Енді Қазақстан спортшылары араға екі жыл салып, қарсыластарын қапы қалдырды.

    Ерлер арасындағы сапы бағдарламасының командалық сайысы

    Қазақстан — Франция  45:31

    Осылайша, Франция үш әлем чемпионатынан кейін жүлдесіз қалып отыр. Олар 2019, 2022 жылдары алтын медаль және 2023 жылы күміс медаль алған.

    Бұл — еліміздің әлем чемпионатындағы алғашқы медалі. Ал Руслан Курбанов жекелей сында медаль алған жалғыз спортшы. Ол 2023 жылы Миланда өткен әлем чемпионатында қолаға ие болған.

    Қазақстанның жарыстағы жолы:

    1/16 финал. Бейтарап спортшылар 45:35

    1/8 финал. Қытай 38:37

    1/4 финал. Италия 45:43

    1/2 финал. Жапония 41:42

    3-орын үшін талас. Франция 45:31

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *