• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Бүкіләлемдік күрес одағы

    Грек-рим күресінен ӘЧ: Қазақстан балуандары тағы екі жүлде алды

    Грекияның астанасы Афина қаласында грек-рим күресінен 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынына тағы бір күміс, бір қола жүлде түсті.

    Бұл жолы Асқар Нұрәли (55 кг) күміс жүлдегер атанса,  Шамил Досбол (65 кг) қола медальді иеленді. Бұған дейін осы дүрмекті додада Нұрдәулет Құмарұлы (48 кг) финалда қарсыласынан жеңіліп, екінші орын алған еді.

    Енді Жаңажол Қуанышбек (45 кг) финалда күреседі.

    Құраманың жаттықтырушылар құрамы әлем чемпионатына Данияр Базарбек (51 кг), Дамир Ақон (60 кг), Марлен Мейірбекұлы (71 кг), Марданбек Макхамбаев (80 кг), Əділет Тойшы (92 кг), Бақтұp Советханды (110 кг) апарды.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *