• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Қазақстан футбол федерациясы

    Уэльс пен Бельгия Қазақстанмен матчқа жаңа ойыншыларды шақырды

    2026 жылғы футболдан әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде Қазақстанмен ойнайтын Уэльс пен Бельгия ұлттық құрама командалары ойыншыларының тізімі жарияланды.

    Қазақстан мен Уэльс матчы 4 қыркүйекте Астана қаласында болады. Алғашқы ойында Қазақстан Уэльстен сырт алаңда 1:3 есебімен жеңілген болатын.

    Ойыншылар тізімі:

    Қақпашылар: Дэнни Уорд («Лестер»), Карл Дарлоу («Лидс»), Адам Дэвис («Шеффилд Юнайтед»).

    Қорғаушылар: Бен Дэвис («Тоттенхэм»), Джо Родон («Лидс»), Крис Мефам («Сандерленд»), Бенджамин Кабанго («Суонси»), Неко Уильямс («Ноттингем Форест»), Джей Дасилва («Ковентри»), Ронан Кпакио, Дилан Лоулор (екеуі-«Кардифф Сити»).

    Жартылай қорғаушылар: Джош Шиэн («Болтон»), Джордан Джеймс («Ренн»), Кай Эндрюс («Мазервелл»), Сорба Томас («Нант»), Дэвид Брукс («Борнмут»), Чарли Крю («Лидс»), Харри Уилсон («Фулхэм»).

    Шабуылшылар: Киффер Мур («Шеффилд Юнайтед»), Бреннан Джонсон («Тоттенхэм»), Дэниел Джеймс («Лидс»), Лиам Каллен («Суонси»), Нейтан Бродхед («Ипсвич Таун»), Марк Харрис («Оксфорд Юнайтед»), Луис Кумас («Сток Сити»).

    Бельгия құрамасы да Қазақстанға қарсы ойыншыларының тізімін жариялады.

    Бұл ойын 7 қыркүйекте Астана уақытымен 23:45–те Бельгияның астанасы Брюссель қаласындағы «Лотто Парк» стадионында басталады.

    Бельгия құрамасы матчқа мына ойыншыларды шақырды.

    Қақпашылар: Тибо Куртуа («Реал Мадрид»), Майк Пендерс («Страсбур»), Матц Селс («Ноттингем Форест»), Маартен Вандевоордт («РБ Лейпциг»);

    Қорғаушылар: Тимоти Кастань («Фулхэм»), Зено Дебаст («Спортинг»), Максим Де Кейпер («Брайтон»), Кони Де Винтер («Дженоа»), Брэндон Мехеле («Брюгге»), Тома Менье («Лилль»), Йоакин Сейс («Брюгге»), Артюр Теате («Айнтрахт»);

    Жартылай қорғаушылар: Кевин Де Брёйне («Наполи»), Николас Раскин («Рейнджерс»), Юри Тилеманс («Астон Вилла»), Ханс Ванакен («Брюгге»), Шарль Ванхаутте («Юнион»);

    Шабуылшылар: Миши Батшуайи («Айнтрахт»), Шарль Де Кетеларе («Аталанта»), Жереми Докю («Манчестер Сити»), Малик Фофана («Олимпик Лион»), Диегу Морейра («Страсбур»), Лоис Опенда («РБ Лейпциг»), Алексис Салемакерс («Милан»), Леандро Троссар («Арсенал»).

    Екі құрама бір-бірімен алты рет ойнады. Оның екеуінде тең нәтиже тіркелсе, төрт ойында Бельгия жеңіске жетті.

    Бұдан бұрын футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Әли Әлиев әлем чемпионаты іріктеу кезеңіндегі алдағы екі ойынға шақырылған футболшылардың нақты тізімін жариялады.

    Құрамалар J тобында ойнап жатыр. Қазір 3 ойыннан кейін Уэльс құрамасы 6 ұпаймен екінші орында тұрса, Қазақстан 3 ұпаймен төртінші орынға орналасқан. Олардан басқа аталған топта Солтүстік Македония, Уэльс және Лихтенштейн бар.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *