• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Басты тақырып

    Биатлоннан ӘЧ: Қазақстан үздік ондыққа кірді

    Биатлоннан Чехияның Нове-Место қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында ерлер құрамасы эстафета сайысында үздік ондыққа енді. Бұл жарыста ел намысын Александр Мухин, Владислав Киреев, Әсет Дүйсенов пен Никита Акимов қорғады. Жарыс алаңына алғаш болып Александр Мухин шықты. Ол барлық нысанаға дәл тигізіп, жеңімпаздан +0.9 секунд айырмашылықпен эстафетаны үздік үштіктің қатарында Владислав Киреевке тапсырды. Владислав Киреев алғашқы жатып атуда үш рет, ал ...

    Read More »

    Үкімет басшысы жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы мен жүлдегерлерін марапаттады

    Премьер-министр Олжас Бектенов 19 қаңтар мен 1 ақпан аралығында Канвондода (Корея Республикасы) өткен IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы мен жүлдегерлеріне мемлекет басшысының атынан алғыс хаттарды табыс етті, деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі. Үкімет басшысы президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғыс хатын оқып беріп, спортшыларды құттықтады. Премьер-министр бұл Қазақстанның жасөспірімдер арасындағы қысқы Олимпиада ойындары тарихындағы алғашқы алтын жүлдесі екенін атап өтті. Жалпы медаль саны ...

    Read More »

    Теннисші Жібек Құламбаева жартылай финалда!

    Теннисші Жібек Құламбаева жұптық сында Тайландтағы ITF турнирінің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Жарыстың 4-ракеткасы болып тіркелкен теннисші таиландтық Ланлана Тарраудимен бірге ширек финалда тайбэйлік Я Син Ли мен қытайлық Лю Фанчжоудан айласын асырды. Қазақстандық-таиландтық жұп бірінші партияда тай-брейкте 7:6 (7:4) есебімен басым түсті. Екінші сетте 6:2 есебімен жеңіске жетті. Құламбаева – Тарраудидың жартылай финалдағы қарсыластары ...

    Read More »

    Қазақстанның азаматтығын алған спортшы сенсация жасады

    Қазақстанның екінші, әлемнің 57-ракеткасы Александр Шевченко Нидерландтың Роттердам қаласында өтіп жатқан ATP 500 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Ол екінші айналымда әлемнің 7-ракеткасы, даниялық Хольгер Рунені жеңіп, сенсация жасады. Бірінші партияда есеп 4:4 болған кезде Шевченко брейк жасай алды. Осылайша бірінші сетте есеп 6:4 болып аяқталды. Екінші сетте Руне 6:1 есебімен есе қайтарды. Үшінші, шешуші партияда ...

    Read More »

    Ұлттық Олимпиада комитетінің басшылығына Дәулет Тұрлыханов лайық! – Садық Мұстафа

    Белгілі спорт маманы, дзюдо, қазақ күресі, ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы,  «Құрмет» және «Парасат» орденінің иегері Садық Мұстафа Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті қызметіне атақты балуан, Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының президенті, Азия күресі федерациясының басшысы Дәулет Тұрлыхановтың лайық екенін айтып, көпшіліктен әйгілі спортшыға таңдау жасауды өтініп, үндеу жолдады. Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Тимур Құлыбаевтың орнына әуесқой және ...

    Read More »

    Ангелина Лукастың келесі қарсыласы белгілі болды (ВИДЕО)

    Боксшы Ангелина Лукастың кәсіпқой рингтегі келесі қарсыласы белгілі болды. Ол 29 ақпанда Таиландтың астанасы – Бангкокта Кадесара Джадпакдимен жекпе-жекке шығады. Достар, 29 ақпанда менің жекпе-жегім Бангкокта болады. Қарсыласым — таиландтық Кадесара Джадпакди.  Оның кәсіпқой рингтегі — рекорды 7-3-0. Алда мені 8 раундтық маңызды рейтингтік жекпе-жек күтіп тұр. Мен тек жеңіске жетуге бел байладым. Бұл карьерамдағы ең маңызды жекпе-жек. Себебі, бірнеше ...

    Read More »

    Рыбакина WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шықты

    Теннисші Елена Рыбакина Катардың Доха қаласында өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің ширек финалында әлемнің 38-ракеткасы, 2021 жылғы АҚШ ашық чемпионатының финалисі, канадалық Лейла Фернандеспен ойнап, кортта алғаш рет кездесті, деп хабарлады RRaketkasi. Канадалық теннисші матчты жақсы бастап, 4:1 есебімен алға шықты. Дегенмен бұдан кейін Рыбакина қатарынан бес геймді алып, есепті 6:4-ке жеткізді. Екінші сетте Рыбакина есеп 3:2 болған кезде брейк ...

    Read More »

    АҚШ-тағы парадта атыс болды (ВИДЕО)

    АҚШ-тың Канзас-Сити қаласында футболдан Super Bowl лигасының жеңімпаз командасының құрметіне өткен шеруде атыс болып, бір адам қаза тапты. 22 адам жарақат алды, деп хабарлады CNN. Атыс Юнион Стэйшн вокзалының жанында болды. Бір адамның қаза тапқаны расталды. Оқтан зардап шеккендердің жалпы саны 22-ге жетті, — деп айтты қалалық полиция басшысы Стейси Грейвс. Gun Violence Archive ұйымның мәліметіне сілтеме жасаған телеарнаның хабарлауынша, ...

    Read More »

    «Жоқ нәрсені бар деу қателік»: Тамара Дүйсенова облыстағы спортты сынады

    Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова Туризм және спорт министрлігінде өткен дене шынықтыру және спорт, ойын бизнесі мен лотерея қызметін реттеу салаларындағы 2023 жылғы қызметі мен 2024 жылға қойылған негізгі міндеттері туралы кеңейтілген алқа мәжілісінде спорт саласын одан әрі дамытуға қатысты бірнеше тапсырма берді. Үкімет басшысының ооынбасары дене шынықтыру мен спортты одан әрі дамытуда халықаралық спорт ұйымдарының тез өзгеретін талаптарын ескере отырып, ...

    Read More »

    Олиимпиадаға 90 лицензияны алуға күш саламыз – Елсияр Қанағатов

    Туризм және спорт министрлігінде дене шынықтыру және спорт, ойын бизнесі мен лотерея қызметін реттеу салаларындағы 2023 жылғы қызметі мен 2024 жылға қойылған негізгі міндеттері туралы кеңейтілген алқа мәжілісі болып жатыр. Оған премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова қатысуда, деп хабарлады ведомство. Жиынды ведомство басшысы Ермек Маржықпаев ашып, министрліктің былтыр атқарған жұмысы мен алдағы жоспары туралы айтып берді. Ол ел абыройын асқақтатар елеулі ...

    Read More »