Тегі дағыстандық UFC файтері Нассурдин Имавов UFC-дің орта салмақтағы жаңа чемпионы Хамзат Чимаевты жеңе алатынын айтты.
— Неге Чимаевты жеңе аламын деп ойлайсың?
— Менің орта салмақтағы басқа жігіттерден ерекшелігім бар. Қазірше Борральомен жекпе-жекке назар аударамын. Ал одан кейін Чимаевқа көңіл бөліп, осы жекпе-жекке жақсы дайындаламын, — деді Имавов MMA Fighting басылымына берген сұхбатында.
Ертең Насурдин Имавов Париждегі (Франция) UFC турнирінде бразилиялық Кайо Борральюмен жекпе-жекке шығады.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА