• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Ұлттық Олимпиадалық комитет

    «Сындырамын қазір»: Төрехан Сабырхан әлем чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті (ВИДЕО)

    Боксшы Төрехан Сабырхан Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан ересектер арасындағы әлем чемпионатын жеңіспен бастады. 

    Ол 70 келіге дейінгі салмақта Алжир елінің боксшы Эсуф Яичемен қолғап түйістірді. Бірінші және екінші раундта төрешілер Африка өкіліне мойын бұра бастағанда қазақ боксшысы намысқа тырысып, үшінші раундта қарсыласын екі ерт есеңгіретіп, нокдуанға жіберді.

    Раундтар арасында Төрехан Сабырханның «Сындырамын қазір», деп жаттықтырушысына айтқан сөзі де естіліп қалды. Осыдан кейін отандасымыз рингте қарсыласын бас көтертпей, бесінші бұрышты іздеуге мәжбүр етті.  Осылайша жекпе-жекте қазақ боксшысы 3:2 есебімен жеңіске жетті.

    Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан World Boxing ұйымы аясында ұйымдастырылып отыр.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

    Посмотреть эту публикацию в Instagram

     

    Публикация от SABYRKHAN TEAM (@sabyrkhan_team)

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *