• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Майк Тайсон — Флойд Мейвезер: Аңыздар айқасы бола ма?

    Бокс әлемінің экс-абсолютті чемпионы Майк Тайсон X әлеуметтік желідегі парақшасында Флойд Мейвезермен жекпе-жегі туралы жазба жариялады.

    Ол  өз парақшасында алдағы жекпе-жекке қатысты «Аңыз аңызға қарсы. 2026» деген жазба қалдырды. «Темір Майктің» бұл жазбасында жарнама жасады деуге болады.

    Сонымен бірге ол келісімшартқа ресми түрде қол қойылғанын айтты.

    «Жақында», — деп бірауыз сөзбен нақтылады.

    Қолда бар дерекке қарағанда, жекпе-жекті екі спортшының промоутерлік компаниялары ұйымдастырады. Десе де жанкүйерлерге айқастың қай салмақ дәрежесінде болатыны қызық көрінеді. Себебі, Тайсон мен Мейвезер әртүрлі дивизионда қолғап түйістірген.

    Қазір аты аңызға айналған екі боксшы да ақша табудың түрлі амалдарын жасап жүргені жасырын емес. Былтыр қарашада Майк Тайсон АҚШ-тың Техас штатындағы Арлингтон қаласында блогер Джейк Полмен жекпе-жекке шыққан еді. Бұл айқас сегіз раундқа жоспарланып, төрешілер шешімімен жеңіс ютуберге берілді.

    Флойд Мейвезердің де ақша табу үшін жекпе-жектерге шығып жүрү Ол Тайсонды жеңген Джейк Полдың ағасы Логанмен де жұдырықтасқан болатын.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *