Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Алматыға жұмыс сапарында Орталық стадионның УЕФА талаптарына сай екенін, ол футбол алаңы, жарықтандыру жүйесі, киім ауыстыру бөлмелері, командалар мен төрешілерге арналған орындардың толық аттестаттаудан өткенін және халықаралық деңгейдегі матчтарды өткізе алатынын айтты.
Қазір орындықтарды ауыстыру мен қалпына келтіру, стадионды абаттандыру жұмыстары істелінді. Бұрын санитарлық-гигиеналық тораптарда жеңіл-желпі жөндеу жүргізілсе, қазір оларды күрделі жөндеу жұмыстары басталды.
Алматы қаласы спорт құрылыстары дирекциясының хабарлауынша, Орталық стадион «Қайрат» – «Реал Мадрид» матчына толық дайын болады.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА