• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Қазақстан теннис федерациясы

    US Open: Заңғар Нұрланұлы Қазақстан теннисшілері арасынан алғаш рет жартылай финалға шықты

    17 жастағы теннисші Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасында АҚШ ашық чемпионатының жартылай финалына шықты, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы.

    Ол ширек финалда жарыстың 13-ракеткасы болып тіркелген ресейлік, 18 жастағы Тимофей Дерепаскомен ойнады.

    Дерепаско — жасөспірімдер ғана емес, ересектер арасында да ойнап үлгерген теннисші. Ол ATP рейтингісінде 925-орында тұр. Ал Заңғар Нұрланұлы ITF Juniors рейтингінде 54-орында келеді.

    Қазақ теннисшісі бірінші партияда 6:2, екінші сетте 6:4 есебімен жеңді.

    Енді Заңғар Нұрланұлы финалға шығу үшін жасөспірімдер арасында әлемнің 1-ракеткасы, болгариялық Иван Ивановпен ойнайды. Сөйтіп, теннисші жасөспірімдер арасында алғаш рет жартылай финалға шығып отыр.

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *