• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Басты тақырып

    Странджа кубогы: Дулат Бекбауов жеңімпаз атанды (ВИДЕО)

    Бокстан ұлттық құрама команданың боксшылары Болгарияның астанасы – София қаласында Странджа кубогы үшін болған халықаралық турнирде үш медаль жеңіп алды. Финалда 67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Дулат Бекбауов үнді былғары қолғап иесі Раджатты жеңіп, кубоктың иегері атанды. Әлем чемпионы Санжар Ташкенбай (51 кг) Үндістанның өкілі  Амитке есе жіберіп, күміс жүлдегер атанды. Ал Тұрсынбай Құлахмет (80 кг) өз салмағында үздік үштікті ...

    Read More »

    Рыбакина Әбу-Даби турнирінің жеңімпазы атанды (ФОТО)

    Қазақстанның бірінші, әлемнің 5-ракеткасы Елена Рыбакина Біріккен Араб Әмірліктерінің Әбу-Даби қаласында өткен WTA 500 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Қазақстанның бірінші, әлемнің 5-ракеткасы Елена Рыбакина Әбу-Даби (ОАӘ) WTA 500 турнирінің жеңімпазы атанды. Қазақстандық теннисші финалда әлемнің 14-ракеткасы, ресейлік Дарья Касаткинамен бас жүлдені сарапқа салды. Осыған дейін қарсыластар төрт мәрте кездескен еді. Есеп тең – 2:2. Бұл жолы ...

    Read More »

    Футболдан Ұлттар лигасы: Қазақстан құрамасының ойын кестесі жарияланды

    Футболдан Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасының биылғы маусымындағы ойын кестесі белгілі болды. Алғашқы матч 6 қыркүйек өз алаңымызда болады. Ұлттық құрама Норвегия командасымен ойнайды. 9 қыркүйекте Словения – Қазақстан, 10 қазанда Аустрия – Қазақстан, 13 қазанда Қазақстан – Словения, 14 қарашада Қазақстан – Аустрия матчтары болады. Еліміздің бас командасының топтық кезеңдегі соңғы мачты 17 қарашаға жоспарланған. Осы күні ұлттық құрама сырт ...

    Read More »

    Олимпиялық ойындардың медальдары таныстырылды

    2024 жылғы жазғы Олимпиада мен Паралимпиялық ойындардның медальдарының дизайны жарияланды. Франция мен оның астанасы Париж қаласындағы Эйфель мұнарасы медальдардың басты символына айналған. Медальдардың дизайнын LVMH сәнді тауарлар компаниясының құрамына кіретін Chaumet зергерлік үйі жасады. Дизайн алтыбұрышты асыл тастармен безендірілген. Эйфель мұнарасы жылдар аралығында бірнеше рет жөндеуден өтті. Осы аралықта оның кейбір металл элементтері ауыстырылып, сақталды. Бұл металдар медальдардың өзегіне орналастырылған. Олар Эйфель ...

    Read More »

    Дэвис кубогы: Қазақстан енді Даниямен ойнайды

    Теннистен Дэвис кубогының бірінші әлемдік тобы матчтарының жеребесі тартылды. Елімізідң ерлер құрамасы  өз алаңында Дания командасымен ойнайтын болып шешілді. Бұған дейін командалар бір-бірімен кездеспеген. Матч 13-14 немесе 14-15 қыркүйекте болады. Қазақстан құрамасы Дания командасын жеңген жағдайда  2025 жылы ақпанда командалық іріктеу матчында сынға түседі. Биыл Юрий Щукин жаттықтыратын еліміздің бас командасы 3-4 ақпанда тартысты матчта Аргентинаға 2:3 есебімен есе жіберген ...

    Read More »

    Қиын топқа түстік – Магомед Адиев

    Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Магомед Адиев Францияның Париж қаласында өткен 2024/25 жылғы UEFA Ұлттар лигасының жеребесінде қиын топқа түскенін мойындады. Қазақстан В лигасында Аустрия, Норвегия, Словения құрамаларымен бірге бір топқа түсті. Олар үшінші топта ойнайды. Бас жаттықтырушының айтуынша, Қазақстан үшінші топта мықты қарсыластармен күш сынасады. Дегенмен ұлттық құрама бәсекенің қиын болатынына қарамастан әрбір ойынды жеңу үшін алаңға шығады. ...

    Read More »

    Футболдан Ұлттар лигасы: Қазақстанның қарсыластары анықталды  

    Францияның астанасы — Париж қаласында футболдан 2024/25 жылғы UEFA Ұлттар лигасының жеребесі тартылды. Қазақстан В лигасында Аустрия, Норвегия, Словения құрамаларымен бірге бір топқа түсті. Жеребе тарту рәсімінен бұрын ұлттық құрама төртінші қоржынға орналастырылды. Бұл қоржында Грузия, Түркия мен Люксембург командалары болды. Ұлттар лигасының топтық кезеңінің жаңа маусымы қыркүйек айында басталып,  қарашада аяқталады. А лигасы Бірінші топ: Хорватия, Португалия, Польша, Шотландия. ...

    Read More »

    Ауыр атлетикадан АЧ: Кирилл Староверкин кіші қола жүлдені алды

    Ташкентте ауыр атлетикадан өтіп жатқан Азия чемпионатында ерлер арасында 96 келіге дейінгі салмақтың үздіктері анықталды. Ұлттық құраманың мүшесі Кирилл Староверкин жұлқа көтеруде 150 келіні басынан асырып, кіші қола медаль иегері атанды. Ал серпе көтеруде 180 келіні көтеріп, қоссайыс қорытындысында 330 келі көрсеткішпен төртінші орынды иеленді. Осы салмақта Солтүстік Кореяның спортшысыВон Йон Бём 367 (161+205) келіні көтеріп, Азия чемпионы болды. Өзбекстанның ...

    Read More »

    Бақтияр Артаевқа Вэл Баркер кубогы қайтарылады

    Жағымды жаңалық жетті. Көптен күткен жаңалық. Бақтияр Артаевқа алдағы айда Вел Баркер кубогы табыс етіледі. Дәл қазір оның дубликаты дайындалып жатыр. Естеріңізде болса, 2021 жылы Сербиядағы әлем чемпионатында Бақтияр Артаев осы жүлдесін ресми түрде Халықаралық бокс федерациясына тапсырған болатын. Сол кезде оған өте сапалы көшірмесі жасалып, өзіне берілетіні айтылды. Міне, сол уәде араға ұзақ уақыт салып, енді орындалайын деп жатыр. ...

    Read More »

    Бокс федерациясының жаңа басшысы министрмен кездесті (ВИДЕО)

    Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліп туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаевпен кездесті. Кездесуде бокс ұйымының басшысы министрге федерацияның жоба-жоспары мен елімізде спорттың осы түрін дамытуда өз ойын айтып берді.  Министр федерация басшысына жаңа қызметіне сәттілік тілеп, спортшылардың Олимпиялық ойындар мен басқа да жарыстарға жақсы дайындалуын тапсырды. Бокс – елімізде кең тараған, жанкүйері ең көп спорт түрлерінің бірі. Сондықтан Шахмұрат ...

    Read More »