Ернұр Батығали – әлем чемпионы!
Болгарияның астанасы София қаласында Қазақстан құрамасы дзюдодан кадеттер арасындағы әлем чемпионатында алғашқы алтын медалін жеңіп алды.
Бұл көптен күткен алтын жүлдені құрама командаға 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Ернұр Батырғали алып берді. Ол финалда Тәжікстан құрамасының өкілі Лоик Кудбудиновты жеңді.
Бұған дейін әлем чемпионатында Арман Мыса (50 келіге дейін) үшінші орын алған еді. Содан кейін Қазақстан қоржынына тағы екі жүлде түсті. Мұхаммедәлі Жылқайдар 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күміс медальді иеленді. Ол финалында Ресей спортшысы Рахим Хамхоевтен жеңіліп қалды. Осы салмақта Ролан Қайрғали канадалық Анечка Матиды жеңіп, жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.
Таеквондошы Нодира Ахмедова қола жүлдегер!
Таеквондошы Нодира Ахмедова Оңтүстік Кореяның Муджу қаласында өтіп жатқан Гран-при кезеңінде қола жүлдеге ие болды.
Ол турнирдің алғашқы күні жүлдегерлер қатарына қосылды. Спортшы 49 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола медаль үшін өткен жекпе-жекте жеңіске жетті.
Ахмедова вьетнамдық Тхи Ким Труонгтан 2:0 есебімен басым түсті.