• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    news.cn

    Сайыпқыран: Қытайда желден жүйрік қандастарымыз бар

    Бүгін Қытайдың Үрімжі қаласында өткен жартылай марафонда үш бірдей қандасымыз топ жарды, деп хабарлады Синьхуа агенттігі. 

    Марафонда Санжы институтының студенті, бірінші разрядты спортшы Ерен Елеусіз мәре сызығын 1 сағат 6 минут 54 секундта кесіп өтіп, жеңіс тұғырына көтерілді. Оның ізінше Қазез Бектұрсын мен Тұрәбіл Төлеухан да көмбеге жетіп, күміс және қола медалдарды иеленді.

    Бүгінгі дүбірлі додада толық марафон, жартылай марафон және 6 шақырымдық марафон санаттары бойынша жүлделер тігіліп, жалпы 14 мың адам жарысқа қатысты.

    Жарыс жолы Үрімжі қаласының бірнеше ауданын қамтыды. Ерлер арасындағы марафонның бас жүлдесін дәрігер-спортшы Ли Чжэнюэ жеңіп алса, күміс пен қола медаль қандастарымыз Досбол Қабылжан мен Бақтияр Оразалыға бұйырды.

    Ерен Елеусіз — кейінгі кезде бүкіл Қытайға танымал бола бастаған марафоншы. Ол былтыр Тұрфан және Чжучжоу марафондарында топ жарса, биыл Манши және Лотянь жартылай марафондарында күміс жүлдені алған  болатын.

     

    Ришат Хайбуллин спорттық құзға өрмелеуден Азия кубогының кезеңінде алтын медаль жеңіп алды

    Спорттық құзға өрмелеуден Қазақстан құрамасының өкілі Ришат Хайбуллин Алматыда өткен Азия кубогы кезеңінде жеңіске жетті.

    Ол «жылдамдық» санатында үздік атанды.

    Финалда Хайбуллин жапониялық спортшы Цукики Онишиден басым түсті. Үшінші орынға Ре Омаса (Жапония) ие болды.

    Әйелдер арасында Анна Баларшина мәреге бірінші болып жетті. Ол финалда отандасы Тамара Ұлжабаеваны артта қалдырды. Үздік үштіктен Қазақстан құрамасының өкілі Аделия Өтешева көрінді.

    US Open: Александр Бублик төртінші айналымда әлемнің 1-ракеткасымен ойнайды

    Қазақстанның бірінші, әлемнің 24-ракеткасы Александр Бублик АҚШ ашық чемпионатының төртінші айналымына шықты.

    Теннисші үшінші айналымда әлемнің 14-ракеткасы, америкалық Томми Полпен ойнады. Бірінші партияда тай-брейкте Бублик шеберлік танытты.

    Екіншісінде Пол 7:6 (7:4) есебімен жеңсе, үшінші сетте Бублик брейк жасап, сол басымдылықты сақтап қалды. Есеп — 6:3.

    Төртінші сетте тай-брейкте Т.Пол 7:6 (7:5) есебімен алға шықты.  Бесінші, шешуші партияда Бублик 6:1 есебімен жеңіске жетті.

    Үш сағат 37 минутқа созылған ойында Бублик 22 эйспен бірге 9 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. 10 эйс жасаған Пол 6 брейк-пойнтты пайдалана алмады.

    Александр Бублик ширек финалға шығу үшін әлемнің 1-ракеткасы, италиялық Янник Синнермен ойнайды.

    Еске сала кетейік, бұдан бұрын АҚШ ашық чемпионатында Анна Данилинаның жұптық сында екінші айналымға жолдама алса, Елена Рыбакина барлық «Үлкен дулыға» турнирінде отандастарымыздың арасында алғаш рет төртінші айналымға шықты.

     

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *