• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Ілияс ОМАРОВ

    Чемпиондар лигасының топтық турниріне шыққан 32 команда аталды

    Футболдан UEFA Чемпиондар лигасының топтық турниріне шыққан 32 клуб анықталды.

    Жарыстың негізгі кезеңіне Алматының «Қайрат» клубы да 31 командамен бірге Шотландияның «Селтик» командасын (0:0, 0:0, пенальтиден 3:2) жеңіп, жолдама алды.

    Топтық турнирге барлығы 36 команда қатысады. Әрбір команда сегіз матч ойнайды. Бірінші тур 16 қыркүйекте басталады. Сегізінші тур келесі жылдың 28 қаңтарында болады. Ал плей-офф 16-18 ақпанға, 1/8 финал 10-11 наурызға, ¼ финал 7-8 сәуірге, ½ финал 28-29 сәуірге, финал 30 мамырға белгіленген.

    Бүгін түнде «Қайраттан» басқа Кипрдің «Пафос» пен Норвегияның «Буде‑Глимт» клубтары жолдама алды. Оған дейін 29 команда белгілі болды. Олар: «Тоттенхэм», «Ливерпуль», «Арсенал», «Манчестер Сити», «Челси», «Ньюкасл» (барлығы — Англия), «Наполи», «Интер», «Аталанта», «Ювентус» (төртеуі де — Италия), «Барселона», «Реал», «Атлетико», «Атлетик», «Вильярреал» (барлығы — Испания), «Бавария», «Байер», «Айнтрахт», «Боруссия Дортмунд» (барлығы — Германия), «ПСЖ», «Марсель», «Монако» (үшеуі де — Франция), ПСВ, «Аякс» (екеуі де — Нидерланд), «Спортинг» (Португалия), «Юнион» (Бельгия), «Галатасарай» (Түркия), «Славия» (Чехия), «Олимпиакос» (Грекия).

    Енді бүгін Әзербайжанның «Карабах» пен Мажарстанның «Ференцварош» (бірінші ойын 3:1), Бельгияның «Брюгге» мен Шотландияның «Рейнджерс» (бірінші ойын 3:1), Португалияның «Бенфика» мен Түркияның «Фенербахче» (бірінші ойын 0:0), Данияның «Копенгаген» командасы мен Швейцарияның «Базель» (бірінші ойын 1:1) клубы негізгі кезеңге жолдама үшін екінші ойынды ойнайды.

    Ертең UEFA Чемпиондар лигасы негізгі кезеңінің жеребесі тартылады. Ол Астана уақытымен кешкі сағат 21:00-де басталады. Бұл іс-шараны Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. 

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *