• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Басты тақырып

    Жағажай волейболдан ұлттық құрама Аустралиядан жеңілді

    Жағажай волейболдан Таиланд елінің Сонгкхла қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирде Қазақстан құрамасы Аустралиядан жеңілді, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Турнирге 15 елден 100-ден астам спортшы қатысып жатыр. Қазақстан құрамасы 1/8 финалда Аустралиядан 0:2 есебімен есе жіберді. Халықаралық турнир 16 сәуір аяқталады.

    Read More »

    «Канело» еліміздегі су тасқынына қатты алаңдап отырғанын айтты

    Мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес еліміздегі су тасқыны жағдайына қатты алаңдап отырғанын айтып, өз ойы мен ішкі сезімін әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Қазақстан халқы үшін дұғадамын. Атырау мен Орал, біз сіздермен біргеміз, — деді ол алаңдаушылығын жасырмай. Сауль «Канело» Альварес Геннадий Головкинмен үш рет жекпе-жекке шығып, соның екеуінде төрешілердің шешімімен жеңген болатын. Трилогияның алғашқы екі жекпе-жегі 2017 және 2018 жылдары орта ...

    Read More »

    Күрестен АЧ: Қазақстан әйелдер құрамасы төрт қола жүлдені иеленді

    Күрес түрлерінен Қырғызстанның астанасы — Бішкекте өтіп жатқан Азия чемпионатында әйелдер арасында барлық салмақтағы үздіктер анықталды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Кеше спортшылар қалған бес салмақта сынға түсті. Ұлттық құраманың спортшылары соның екеуінде жүлдені жеңіп алды. Анастасия Панасович 72 кг дейінгі салмақта қола медаль үшін күресте өзбекстандық Озода Зарипбоеваны таза жеңді. Сонымен қатар Лаура Алмағанбетова үшінші ...

    Read More »

    Марафоншы Жанна Мамажанова Олимпиаданың жолдамасын алды

    Нидерландтың Роттердам қаласында 42,1 шақырымға жүгіруден (марафон) өткен жарыстан Жанна Мамажанова ел рекордын жаңартып, Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Ол 2 сағат 26 минут 42 секунд жүгіріп, мәреге төртінші болып жетті. Одан бұрын финишке 2 сағат 19 минут 30 секундта жеткен эфиопиялық Эшет Бекере жеңімпаз атанса, екінші және үшінші орынды кениялық ...

    Read More »

    Соня Жиенбаева Түркиядағы турнирдің жеңімпазы атанды

    17 жастағы теннисші Соня Жиенбаева Түркияның Анталия қаласында өткен ITF W15 турнирінің финалында жеңіске жетіп, жеңімпаз атанды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Дүниежүзілік рейтингіде 1 246-орында тұрған теннисші әлемнің 525-ракеткасы, түркиялық Йорук Илаймен бас жүлдені сарапқа салды. Жиенбаева тартысты өткен ойында қарсыласын 7:6 (7:4), 6:4 есебімен жеңді. Осылайша, Соня Жиенбаева ересектер арасында ITF жарысындағы алғашқы титулын иеленді. Бүгін мен үшін осы маусымдағы ...

    Read More »

    Азамат Дәулетбеков үш дүркін Азия чемпионы атанды

    Олимпиада лицензиясының иегері Азамат Дəулетбеков (86 кг) Қырғызстанның астанасы — Бішкекте өтіп жатқан Азия чемпионатында алтын медальді жеңіп алды. Ұлттық құрама көшбасшысы финалда Олимпиаданың тағы бір иегері, өзбекстандық Джабраил Шапиевті 5:2 есебімен жеңді. Бұл — Азамат Дәулетбековтің  сары құрлық чемпионатындағы қатарынан үшінші алтын жүлдесі. Сонымен қатар ол 2017 жылы Үндістанның Дели қаласында күміс медальді, 2018 жылы Бішкекте өткен Азия чемпионатында ...

    Read More »

    Астанада жастар арасындағы Азия чемпионаты өтеді

    Астанада 25 сәуір мен 8 мамыр аралығында Beeline Arena спорт кешенінде жастар және U-22 боксшылар арасындағы ASBC Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлады Қазақстан бокс федерациясы. Құрлықтық додаға Азияның 25 мемлекетінен 500-ден астам боксшы қатысады. Екі жас аралығында жігіттер мен қыздар арасында өтетін бәсеке олимпиялық жүйе бойынша ұйымдастырылады. U-22 (2002-2005 ж.т. аралығы): Жігіттер арасындағы жекпе-жектер – 46-48, 51, 54, 57, 60, ...

    Read More »

    Қарысбек Махамбетов: «Ризабек жаңа салмаққа бейімделіп жатыр»

    Еркін күрестен Қазақстан құрама командасының жаттықтырушысы Қарысбек Махамбетов Бішкекте өтіп жатқан Азия чемпионатының алғашқы жарыс күні туралы өз ойын айтты. Жаттықтырушы Olympic.kz-ке сұхбатында  балуандардың күресіне баға беріп, олардың алдағы мүмкіндіктері туралы пікір білдірді. Ол алғаш рет Азия чемпионатында жүлде алған Мейрамбек Қартбай туралы былай деді: Мейрамбек Қартбай алғаш рет Азия чемпионатында жүлдегер болды. Ол былтырғы әлем чемпионатының жартылай финалына дейін ...

    Read More »

    Күрестен АЧ: Ризабек Айтмұхан — күміс медалист!

    Қырғызстанның Бішкек қаласында еркін күрестен өтіп жатқан Азия чемпионатында еліміз тарихындағы тұңғыш әлем чемпионы атанған Ризабек Айтмұхан жаңа салмақта күміс жүлдегері атанды. Ол финалда 97 келі салмақтағы әлем чемпионы, бахрейндік Ахмед Тажудиновпен күресіп, 2:4 есебімен есе жіберді. Бұл екеуі бозкілемде осымен екінші рет кездесті. Бұған дейін Түркияда өткен халықаралық турнирде де Тажудинов қазақ балуанын жеңген болатын. Ризабек Айтмұхан — 92 ...

    Read More »

    Еліміздің әрбір оныншы тұрғынынан созылмалы бүйрек ауруы кездеседі — дәрігерлер

    Алматыда созылмалы бүйрек ауруының (СБА) ауыртпалығына арналған баспасөз мәслихаты болды. «Бүйрек саулығы барлығымыз үшін» атты жиын Дүниежүзілік бүйрек күніне орай өткізілді. Іс-шара нефрология, эндокринология және терапия салаларындағы жетекші сарапшылардың басын қосты. Дәрігерлер СБА-ның таралу статистикасын айтып, пациенттердің өмір сүру сапасын жақсарту мәселелерін, диагностика мен емдеудің қолжетімді әдістерін талқылады. СБА-ны ерте анықтауға және алдын алуға да ерекше назар аударылды. Іс-шара Қазақстандағы ...

    Read More »