• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы

    Еркін күрестен ӘЧ: Асылжан Есенгелді мен Нұрқожа Қайпанов – қола жүлдегер!

    Бүгін еркін күрестен Хорватияның астанасы Загреб қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына екі медаль түсті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

    Ұлттық құрама спортшысы Асылжан Есенгелді (-60 кг) жүлде жолында америкалық Джаксен Патрик Форресті жеңіп, қола медаль алды. Отандасымыз соңғы секундтарда ұпай алып, басым түсті.

    Ол екі  жыл бұрын осы салмақта Албанияның Тирана қаласында өткен 23 жасқа дейінгі палуандар арасындағы әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанған болатын.

    Осыдан кейін Загреб бозкілемінде Нұрқожа Қайпанов Василь Диаконнан (Молдова) басым түсіп, қола медаль иегері атанды.

    Нұрқожа Қайпанов үшін бұл ересектер арасындағы әлем чемпионатының үшінші медалі. Ол алғаш рет 2019 жылы елімізде күміс жүлде алса, былтыр Тирана қаласында алтыннан алқа таққан еді.

    Ертең 92 кг дейінгі салмақтағы Камиль Куруглиев жұбаныш белдесуінде күш сынасады. Қарсыласы – Бенжамин Конрад Хонис (Италия). Сонымен қатар Ризабек Айтмұхан (-97 кг) мен Начын Куулар (-65 кг) іріктеуде өнер көрсетеді.

     

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *