• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    sports24.kz

    Әли Әлиев бас жаттықтырушы қызметінен кететінін айтты

    Бүгін футболдан Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионаты іріктеу турниріндегі бесінші матчында Бельгия командасынан сырт алаңда 0:6 есебімен жеңіліп қалды.

    Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Әли Әлиев алаңға қақпашы Темірлан Анарбековтің орнына Мұхаммеджан Сейсенді шығарды. Сондай-ақ Ұлар Жақсыбаев, Серікжан Мужиков, Сұлтанбек Астанов, Оралхан Өміртаев негізгі құрамда алаңға шықты.

    Олардан басқа Ян Вороговский, Әлібек Касым, Нұралы Әліп, Рамазан Оразов, Ғалымжан Кенжебекке ұлттық құраманың жейдесін сеніп тапсырды.

    Матчта Қазақстан құрамасының қақпасына алты доп кірді. Голдар 42-минуттан бастап соғыла бастады.

    Кевин де Брeйне 42, Жереми Докю 44-минутта Сейсеннің күзеткен қақпасына екі гол салып, бірінші таймды аяқтады.

    Екінші таймда Николас Раскин 52-минутта гол соқса, одан кейін Жереми Доку 60, Кевин Де Брёйне 84-минутта екінші рет допты торға тоғытты.

    Томас Мёнье 87-минутта тағы бір гол салып, есепті 6:0-ге жеткізді.

    Осы жеңісінен кейін Бельгия құрамасы екінші орынға көтерілді. Турнир кестесінде көш басында Солтүстік Македония 11 ұпаймен келеді. Ал Уэльс үшінші орынға 10 ұпай алып, шықты. Қазақстан құрамасында 3 ұпай бар. Әзірге Лихтенштейнің қоржыны бос.

    Бүгін Солтүстік Македония құрамасы Лихтенштейнді 5:0 есебімен жеңді.

    Енді бұл топтағы ойындар 10 қазанда болады. Осы күні Қазақстан құрамасы Лихтенштейнмен, Бельгия Солтүстік Македониямен ойнайды.

    Бельгия командасынан жеңілгеннен кейін Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Әли Әлиев елге келгенде қызметінен кететінін айтты.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *