• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Қазақстан теннис федерациясы

    Аружан Сағындықова ITF W15 турнирінде жеңіске жетті

    Теннисші, әлемнің 958-ракеткасы, 20 жастағы Аружан Сағындықова Қытайдың Луань қаласында өткен ITF W15 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы.

    Ол финалда әлемнің 797, осы жарыстың 5-ракеткасы, 19 жастағы ресейлік спортшы Мария Калякинамен бас жүлдені сарапқа салды.

    Бірінші партияда Аружан 6:4 есебімен басымдық танытты. Екінші сетте де Сағындықова дүниежүзілік рейтингіде өзінен әлдеқайда жоғары тұрған қарсыласының мысын басты. Есеп – 6:3. Осылайша, екі партияда қарсыласын сан соқтырған теннисші құрмет  тұғырға көтерілді.

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *