• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Қазақстан теннис федерациясы

    US Open: Заңғар Нұрланұлы сенсация жасады

    17 жастағы теннисші Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасында АҚШ ашық чемпионатында екінші жеңісіне жетті, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы.

    Ол екінші айналымда әлемнің жасөспірімдер арасында 13-ракеткасы, Польша өкілі, 18 жастағы Алан Важнымен ойнады.

    Алан Важны ересектер арасында ATP рейтингінде 1750-сатыда тұр. Ал Заңғар Нұрланұлы ITF Juniors рейтингісінде 54-орынға орналасқан.

    Соған қарамастан, отандасымыз азулы қарсыласын 6:4, 6:4 есебімен жеңді.

    Бұл матч бір жаром сағаттан астам уақытқа созылды.

    Енді Заңғар Нұрланұлы ширек финалға шығу үшін ITF Juniors рейтингінде 8-орында тұрған Финляндия өкілі Оскари Полданиуспен ойнайды.

     

     

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *