Aport Mall West сауда орталығының жаңартылған тұжырымдамасы және Miami Sunrise (Hawaii & Miami) аквапаркінің жаңа жазғы аймағын таныстыру мақсатына арналған баспасөз конференциясы болып өтті. Aport Mall West (210.000 кв.м.) — Алматының батыс бөлігіндегі ең ірі отбасылық сауда ойын-сауық орталығы болып табылады. 16 жыл ішінде Aport Mall West сауда орталығын 180 миллионнан астам қонақ тамашалады. Бүгінде мұнда 250-ден астам жалға алушы ...
Read More »Басты тақырып
Бұл дүние бес күндік жалған екен
Белгілі журналист Диас Ахметшәріп фәниден бақиға аттанды деген қайғылы хабар тарады. Ол 20 жасынан бері қазақ спортына, оның ішінде қазақ спорт журналистикасына атап айтарлықтай еңбек етті. Диас Советқалиұлы еңбек жолын 1997 жылы Қазақ радиосының репортері болып бастаған еді. Ұзақ уақыт Qazaqstan телеарнасы мен Khabar агенттігінде спорт журналисі болып жұмыс істеді. Одан кейін Qazsport мемлекеттік телеарнасының директоры болды. Осы қызметтен кейін ...
Read More »Бокстан АЧ: Қазақ қыздары 12 алтын медаль жеңіп алды
Бокстан Шри-Ланкада өтіп жатқан U22 Азия чемпионатында жастар санаты бойынша Жанкелді Ахметов жаттықтыратын Қазақстанның қыздар құрамасы 12 алтын медаль жеңіп алды. Бұл чемпионат 10 мамырда жалауын көтерген. Ол 24 мамырға дейін болады. Сары құрлық бәсекесі Шри-Ланканың астанасы — Коломбода болып жатыр. Оған Қазақстан қыздар құрамасы да қатысуда. Бүгін бұрымды боксшылардың бәрі финалға шығып, Азия чемпионы атағын жеңіп алғаны туралы қуанышты ...
Read More »Қазақстан суға жүзуден 60-қа жуық медаль жеңіп алды
19 мамырда Өзбекстанның астанасы – Ташкент қаласында суға жүзуден Орталық Азияның алғашқы ашық чемпионаты басталды. Ол 23 мамырға дейін болады, деп хабарлады Суға жүзуден және су спорты түрлері федерациясы. Турнирде Өзбекстан, Қазақстан, Тәжікстан мен Түрікменстан құрамалары арасында 158 медаль сарапқа салынады. Жарыстың ортасына қарай Қазақстан спортшылары 60-қа тарта медаль жеңіп алды. Ұйымдастырушылар Өзбекстанда осындай беделді турнир алғаш рет өткізіліп отырғанын атап ...
Read More »Халықтың жағдайын ойлаған компания
Алматы қаласының орталығынан солтүстікке қарай 47 шақырым жерде орналасқан Алатау қаласына жол түсті. Өйткені біз Қазақстандағы тез дайындалатын кеспе өндірісінің көшбасшысы – халықаралық сауда-өндірістік компания «Маревен Фуд Тянь-Шань»-ның 10 жылдық мерейтойына келген болатынбыз. Компанияның территориясына кіргенімізде көзімізге ең алдымен қаз-қатар тізіліп тұрған су жаңа жедел жәрдем көліктері түсті. Олардың әрқайсысының қасында бір фельдшер мен бір көлік жүргізуші сап түзеп тұрды. ...
Read More »Ұлттық құрама алдағы матчтарға ойыншылар тізімін жариялады
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Әли Әлиев маусымда өтетін Беларусь (5 маусым) пен Солтүстік Македонияға (9 маусым) қарсы матчтарға шақырту алған ойыншылардың жалпы тізімін жариялады, деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясы. Тізімге 36 ойыншы енді. Қақпашылар: Мұхаммеджан Сейсен («Астана»), Александр Заруцкий («Қайрат»), Стас Покатилов («Сабах», Әзербайжан), Бекхан Шайзада («Ордабасы»); Қорғаушылар: Әлібек Қасым («Ақтөбе»), Ян Вороговский, Марат Быстров (екеуі де – ...
Read More »Отандасымыз АҚШ-та топ жарды
АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өткен халықаралық таэквондо жарысында Әділет Базарбаев алтын медаль жеңіп алды. 17 мамырда АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында орналасқан Industry Hills Expo Center-де «International Taekwondo Fest 2025» турнирі болды. Бұл жарысқа әлемнің әр түкпірінен келген 300-ден аса спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтады. Оған Қазақстан атынан қатысқан Әділет Базарбаев ерекше көзге түсіп, 63 кг салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алды. Ол ...
Read More »Жәния Бекмұхамбетова Болгариядағы турнирде жеңіске жетті
Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының өкілі Жәния Бекмұхамбетова Панагюриште қаласында (Болгария) өткен WTT Youth Contender халықаралық турнирінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлады olympic.kz. Жәния 13 жасқа дейінгі спортшылар арасында өткен жарыста топ жарды. Ол болгариялық Радина Захариеваны, Мартина Николованы, Белослава Балканскаяны, словакиялық Вивьен Мурковты, румыниялық Карисс Сербан мен Бьянка Томуды сенімді түрде жеңіп, жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.
Read More »Қазақстан Дэвис кубогының іріктеу сайысын сәтті бастады
Шымкент қаласында 16 жасқа дейінгілер арасында Дэвис кубогының Азия — Тынық мұхит аймағы бойынша іріктеу турнирі өтіп жатыр, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Қазақстан құрамасы (капитаны Сергей Квак) D тобына Қытай, Иран және Жаңа Зеландия командаларымен бірге түсті. Бастапқы матчта отандастарымыз Жаңа Зеландияны 3:0 есебімен ойсырата жеңді. Алдымен Михаил Мищенко тартысты матчта Бленд Лукуды 6:3, 5:7, 6:4 есебімен тізе бүктірді. ...
Read More »Ақиық ақынның атындағы аламан
Алматы облысы, Нарынқол ауылында қазақ күресінен Ұлы Отан соғысына 80 жыл толуына орай және қазақтың біртуар ақыны Мұқағали Мақатаевтың атында ресубликалық жарыс өтті. Бұл турнир 2008-2009 жылы туған жасөпірімдер арасында жалауын көтерген еді. Жарысқа еліміздің барлық өңірінен 300-ге жуық ұлттық күресіміздің бота балуандары келіп, боз кілемде өз өнерлерін көрсетті. Тау тұлға ақынның атындағы турнир алғашқы жылдары облыстық деңгейде ұйымдастырлып келген ...
Read More »