Құрметті әріптестер, спорт жанашырлары! Сіздерге Халықаралық спорт басылымдары қауымдастығының (AIPS, International Sports Press Association) 2026 жылға арналған картасын алуға мүмкіндік жасалып отырғанын хабарлаймыз. АИПС-тің картасы жыл сайын беріледі. Оны алған адам шетелге іс-сапарға немесе демалысқа шыққанда картаны көрсетіп, кез келген жарысты тамашалай алады. Сонымен бірге картаны пайдаланып, ұлттық мұражайларға тегін кіруге болады. Картаны алу үшін Халықаралық спорт басылымдары қауымдастығының ресми ...
Read More »Басты тақырып
Данил Мусабаев пен Никита Тумаков Әлем кубогы кезеңін жеңіп алды
Германияның Котбус қаласында өткен батуттағы гимнастикадан Әлем кубогы кезеңінде ел қоржынына жүлде түсті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Синхронды секіруден жұптық бәсекеде Данил Мусабаев пен Никита Тумаков 52.200 ұпай еншілеп, топ жарды. Жарыс нәтижесі бойынша, Германия (әлем чемпионы Кайо Лаукстерман мен екі дүркін әлем чемпионы Фабиан Фогель) 52.050 ұпаймен күміспен күптелсе, Ұлыбритания (әлем чемпионы Зак Перцаманос ...
Read More »XXI ғасырдағы алғашқы алтын медаль!
Тарихи медаль! Қазақстан XXI ғасырда араға 26 жыл салып, грек-рим күресінен әлем чемпионатының алғашқы алтын жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Хорватияның астанасы Загреб қаласында өтіп жатқан грек-рим күресінен әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына алтын медаль түсті. Отандасымыз Айдос Сұлтанғали 60 кг дейінгі салмақтың финалында Әлішер Ганиевті (Өзбекстан) жеңді. Айдос Сұлтанғали елімізге 26 ...
Read More »Алматыда шахматтан кадеттер арасындағы әлем чемпионаты басталды
Әлем чемпионаты 19–30 қыркүйек аралығында болады. Оған 8 бен 12 жас аралығындағы жас шахматшылар қатысады, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Чемпионатқа қазірдің өзінде 88 елден 850-ден астам жас шахматшы тіркелді. Олардың қатарында Үндістаннан (28), Қытайдан (25), АҚШ-тан (24) қатысушылар бар. Қазақстан чемпионат иесі ретінде 200-ден астам ойыншыны қатыстырады. Әлемдік дода Туризм және спорт министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі, Халықаралық шахмат ...
Read More »912 медаль – 8 айдағы рекорд: отандық спортшылар тарихи нәтижеге жетті
Қазақстан әлемдік спорт аренасындағы беделін нығайтып келеді. Биылғы жылдың алғашқы сегіз айында отандық спортшылар 912 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 351-і – алтын, 270-і – күміс, 291-і – қола. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі хабарлады. Отандастарымыз мұндай жетістікке мемлекеттің спортқа жүйелі қолдауының, жаттықтырушылар құрамының орасан зор еңбегінің, спорт федерацияларының үйлесімді жұмысының нәтижесінде қол жеткізіп отыр. Бұған қоса ұлттық құрамаға ...
Read More »Чемпиондар лигасы: «Қайраттың» ең жас қақпашысы Қалмырза алаңға шықты (ВИДЕО)
Алматының «Қайрат» клубы футболдан UEFA Чемпиондар лигасы негізгі кезеңіндегі алғашқы матчында Португалияның «Спортинг» командасынан жеңілді. Есеп – 1:4 Бұл матчта «Қайраттың» қақпашысы Шерхан Қалмырзаның ойыны қалың жанкүйердің назарын аудартты. Ол команданың негізгі қақпашысы Александр Заруцкий мен екінші қақпашы Темірлан Анарбековтің жарақат алып қалуына байланысты үшінші номерлі қақпашы болып ойнады. Осылайша ол UEFA Чемпиондар лигасы тарихындағы ең жас қақпашылар қатарына қосылды. ...
Read More »Түркістан облысының тумасы Азамат Мақұлбеков жаңа рекорд жасады
1986 жылы туған спортшы Азамат Нұрғалиұлы Мақұлбеков күш пен төзімділіктің нағыз символына айналды. Ол бұған дейін V Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарының алыптар сайысында жеңімпаз атанып, ел мерейін үстем еткен еді. Сондай-ақ 40 келілік қошқарды 3555 рет отырып-тұрып көтеріп, Қазақстанның рекордтар кітабына енген болатын, деп хабарлады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. Енді міне, батыр спортшы жаңа биікті бағындырды. Алматыдағы әйгілі «Медеу» мұз ...
Read More »Мемлекет басшысы бокстан ұлттық құрама команданы марапаттады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан ұлттық құрамасының мүшелерін әлем чемпионатындағы тамаша жеңісімен құттықтап, бұл еліміз үшін тарихи оқиға, халқымыз үшін үлкен қуаныш екенін атап өтті, деп хабарлады Ақорда. – Қазақстан 68 мемлекеттің арасынан үздік шығып, бірінші орынға ие болды. Әлемдік бәсекеде Әнұранымыз жеті рет шырқалды, Көк туымыз жеті рет желбіреді. Барша жұртымыз сіздерге тілеулес болды. Әрине, кілең мықтылар жиналған жаһандық аламанда ...
Read More »Теннистен ӘЧ: Рыбакина жарақатына қарамай Қазақстан құрамасына қосылды
Қытайдың Шэньчжэнь қаласында Қазақстанның ұлттық құрама командасы командалық әлем чемпионаты — Билли Джин Кинг кубогы алдында соңғы жаттығуларын өткізіп жатыр. 18 қыркүйекте әйелдердің ұлттық құрамасы ширек финалда АҚШ командасымен ойнайды. Бұл ойын екі команда арасындағы алғашқы ресми ойын болады. Бүгін Шэньчжэнь қаласында Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңінде Қазақстан – АҚШ матчының жеребесі тартылды. Ойыннды бірінші болып әлемдік рейтингіде 61-орындағы Юлия ...
Read More »Чемпиондар лигасы: «Спортинг» — «Қайрат» матчы қай телеарнадан көрсетіледі?
UEFA Чемпиондар лигасы негізгі кезеңіне шыққан Алматының «Қайрат» клубының Португарлияның «Спортинг» командасымен матчы 17 қыркүйектен 18 қыркүйекке қараған түні сағат 00:00–де Qazaqstan телеарнасынан көрсетілетіні белгілі болды. Ойынның бас төрешісі міндетін польшалық Дамиан Сильвестжак атқарады. Оған оның отандастары Павел Сокольницки мен Адам Карасевич көмектеседі. Төртінші төреші де Польша елінің өкілі Марцин Коханек болады. «Қайрат» Чемпиондар лигасында «Реал Мадрид» (Испания), «Интер» (Италия), ...
Read More »
SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары