• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Басты тақырып

    Бибісара Асаубаева FIDE Grand Swiss турнирінің қола жүлдесін алды

    Шахматшы Бибісара Асаубаева Өзбекстанның Самарқан қаласында өтіп жатқан FIDE Grand Swiss and FIDE Women’s Grand Swiss 2025 турнирінде әйелдер арасында қола медальді иеленді. Ол соңғы турда Анна Музычукпен тең ойнап, мүмкін болған 11 ұпайдың 7,5-ін жинады. Әйелдер арасында Вайшали Рамешбабу 8 ұпай (Үндістан) алып, жеңімпаз атанды. Екінші орынды 8 ұпаймен Екатерина Лагно (FIDE) иеленді.   Рүстем ЖҮМАН, АСТАНА

    Read More »

    Шардарада тұңғыш рет бір әулеттің үш ұлы әлем чемпионы атанды

    Қазақ спорты үшін тарихи оқиға! Болгарияның Албена қаласында армрестлингтен өтіп жатқан әлем чемпионатында «Шардара Армспорт» құрамасының спортшылары, бір әулеттің үш ұлы қатарынан әлем чемпионы атанды, деп хабарлады Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі. Бұл – аудан ғана емес, тұтас еліміз үшін зор мақтаныш! 14 жастағы Бекнұр Ибрагим жас жеткіншектер арасында 45 кг салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанса, 15 жастағы Азамат Ибрагим ...

    Read More »

    Түркістанда Орталық Азияда теңдесі жоқ ескек есу арнасы ашылды

    Түркістан қаласында Орта Азияда теңдесі жоқ спорт кешендері бар «Ескек есу» арнасы ашылды, Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында «спорт инфрақұрылымын дамыту мен жаңа кешендерді салу» жөнінде нақты тапсырмалар берді. Осы бағытта облыста 112 спорт нысанының құрылысы жүргізілуде. Бұл тек инфрақұрылымды дамыту ғана емес, жастардың болашағына салынған инвестиция, тұрғындардың саламатты өмір салтын қалыптастыруға жасалған ...

    Read More »

    Гимнаст Айбота Ертайқызы Гран-приде екі жүлде алды

    Айбота Ертайқызы көркем гимнастикадан Чехияның Брно қаласында өткен Гран-при кезеңінде жүлдеге ие болды. Спортшы екі күміс медаль жеңіп алды. Атап айтқанда, Ертайқызы ұршықтармен орындалатын жаттығуда (28,100 ұпай) және таспамен орындалатын жаттығуда (28,050 ұпай) екінші орынға ие болды. Сондай-ақ ол көпсайыста бесінші нәтиже көрсетті.   Рүстем ЖҰМАН, АСТАНА  

    Read More »

    Тұңғыш рет қазақ боксшысы аса ауыр салмақта әлем чемпионы атанды

    Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының капитаны Айбек Оралбай Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өткен әлем чемпионатында тұңғыш рет қазақ былғары қолғап шеберлерінің арасында алтын медальді жеңіп алды. Былғары қолғап шебері 90 келіден аса салмақта Өзбекстанның өкілі Жахонгир Зокировпен қолғап түйістірді. Бірінші және екінші раундта өзбек боксшысы басым түсті. Дегенмен Айбек Оралбай соңғы үшінші раундта қайсарлық танытып, жеңісті суырып алды. Осылайша, Қазақстан құрамасы әлем ...

    Read More »

    Жібек Құламбаева алғаш рет WTA турнирінде жеңімпаз атанды

    Теннисші Жібек Құламбаева жұптық сында Қытайдың Хучжоу қаласында өткен WTA 125 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Жарыстың 2-ракеткалары Жібек Құламбаева мен словениялық Вероника Эрьявец жапониялықтар Момоко Кобори мен Аяно Шимицумен бас жүлдені сарапқа салды. Бірінші партияда 6:4 есебі тіркелді. Қазақстандық-словениялық жұп екінші сетте де қарқынын төмендеткен жоқ. Есеп — 6:2. Осылайша, Құламбаева жұптық сында WTA жарысында алғаш ...

    Read More »

    Еркін күрестен ӘЧ: Асылжан Есенгелді мен Нұрқожа Қайпанов – қола жүлдегер!

    Бүгін еркін күрестен Хорватияның астанасы Загреб қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына екі медаль түсті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Ұлттық құрама спортшысы Асылжан Есенгелді (-60 кг) жүлде жолында америкалық Джаксен Патрик Форресті жеңіп, қола медаль алды. Отандасымыз соңғы секундтарда ұпай алып, басым түсті. Ол екі  жыл бұрын осы салмақта Албанияның Тирана қаласында өткен ...

    Read More »

    Бокстан ӘЧ: Қазақстан алтын жүлдені санап алып жатыр

    Бокстан Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстанның ерлер және әйелдер құрама командалары алтын жүлде үшін жан алысып, жан беріскен таласта алдына жан салмай келеді. Бүгін бірінші болып жүлдені Назым Қызайбай жеңіп алды. Ол 48 келіге дейінгі салмақтың финалдық жекпе-жегінде үнді Минакшимен қолғап түйістірді. Алғашқы раундта Минакши 4:1 есебімен басым түсті. Екінші раунд 3:2 есебімен Назым Қызайбайдың пайдасына аяқталды. ...

    Read More »

    Гимнаст Нариман Курбанов Challenge Cup кезеңінің жеңімпазы атанды

    Олимпия ойындарының күміс жүлдегері Нариман Курбанов спорттық гимнастикадан Францияның Париж қаласында өткен Challenge Cup кезеңінде жеңімпаз атанды. Ол ат снарядындағы жаттығудың финалында 15,066 ұпай жинап, жеңіске жетті. Екінші орынды армениялық Гамлет Манукян иеленді. Оның ұпай саны — 14,800. Үшінші орынға италиялық Габриэле Таргетта 14,733 ұпаймен ие болды. Зейнолла Ыдырысов 14,633 ұпаймен төртінші орынға табан тіреді.   Рүстем ЖҰМАН, АСТАНА

    Read More »

    Дзюдодан АЧ: Қазақстан құрамасы тағы алтын жүлде алды

    Дзюдодан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Азия чемпионатының екінші күнінде 1 алтын, 1 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды. Ел құрамасынан Інжу Жұмажан (57 кг) алтын, Тоғжан Төлебай (70 келіден аса салмақ) күміс жүлде алса, Ерасыл Болатбек (81 кг), Ұлдана Қожаназарова (70 кг) мен Ердәулет Жұмабай (90 кг) қола жүлдеге ие болды. Бүған дейін Азия чемпионатының алғашқы күні ел құрамасынан Фархат ...

    Read More »