Бүгін Астанадағы «Астана Арена» стадионында футболдан 2026 жылы өтетін әлем чемпионатының іріктеу турниріне қатысып жатқан Қазақстан мен Уэльс ұлттық құрама командаларының матчы алдында БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз мәслихаты болды. Осы жиында ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Әли Әлиев пен команданың қорғаушысы Нұрәлі Әліп журналистердің ертеңгі ойынға қатысты сұрақтарына жауап берді. Әуелі бас бапкер ұлттық құраманың матчқа дайындығы туралы айтты. Ол ойын ...
Read More »Басты тақырып
US Open: Заңғар Нұрланұлы сенсация жасады
17 жастағы теннисші Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасында АҚШ ашық чемпионатында екінші жеңісіне жетті, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Ол екінші айналымда әлемнің жасөспірімдер арасында 13-ракеткасы, Польша өкілі, 18 жастағы Алан Важнымен ойнады. Алан Важны ересектер арасында ATP рейтингінде 1750-сатыда тұр. Ал Заңғар Нұрланұлы ITF Juniors рейтингісінде 54-орынға орналасқан. Соған қарамастан, отандасымыз азулы қарсыласын 6:4, 6:4 есебімен жеңді. Бұл матч бір жаром ...
Read More »Дзюдошылар әлем чемпионатынан бес медаль алып келді
Болгарияның астанасы — София қаласында дзюдодан кадеттер арасында әлем чемпионаты аяқталды. Осы жарыста Қазақстан құрамасы бес медальді жеңіп алды. 60 келіге дейінгі салмақта Ернұр Батырғали құрмет тұғырының ең биік сатысына көтерілді. 66 келіге дейінгі салмақта Мұхаммедәлі Жылқайдар күміс жүлдені иеленді. Ал 50 келіге дейінгі салмақта Арман Мыса, 66 келіге дейінгі салмақта Ролан Қайырғали және 90 келіден аса салмақта Әділжан Жаудинов ...
Read More »Қазақстан теннис федерациясы Sport+медиа тобымен ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды
Қазақстан теннис федерациясы мен Sport+ медиа тобы ақпараттық әріптестік жөніндегі меморандум жасасты. Құжатқа ҚТФ вице-президенті Диас Досқараев пен медиа топтың бас директоры Олжас Абраев қол қойды. Медиа тобының қызметкерлері теннис әлеміндегі жаңалықтар ғана емес, Қазақстан құрамасы ойыншылары мен болашағынан үміт күттіретін жастардың табыстары туралы әңгімелеп, федерацияның теннистік және әлеуметтік бастамаларын тұрақты түрде жариялап отырады. «Мен Sport+ телеканалы ұжымы мен Олжас ...
Read More »Қазақстан құрамасы дайындықты бастады
Футболдан Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионаты іріктеу турниріндегі Уэльс пен Бельгия командаларымен матчтарға дайындықты бастап кетті. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясы хабарлады. Қазақстан құрамасы J тобында Бельгия, Уэльс, Солтүстік Македония және Лихтенштейн командаларымен сынға түсіп жатыр. Осы топта ел құрамасы 4-орында тұр. Ұлттық құрама Уэльс (1:3) пен Солтүстік Македония (0:1) командаларынан жеңіліп, Лихтенштейнді (2:0) жеңді. Енді 4 қыркүйекте Астанада ...
Read More »Уэльс пен Бельгия Қазақстанмен матчқа жаңа ойыншыларды шақырды
2026 жылғы футболдан әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде Қазақстанмен ойнайтын Уэльс пен Бельгия ұлттық құрама командалары ойыншыларының тізімі жарияланды. Қазақстан мен Уэльс матчы 4 қыркүйекте Астана қаласында болады. Алғашқы ойында Қазақстан Уэльстен сырт алаңда 1:3 есебімен жеңілген болатын. Ойыншылар тізімі: Қақпашылар: Дэнни Уорд («Лестер»), Карл Дарлоу («Лидс»), Адам Дэвис («Шеффилд Юнайтед»). Қорғаушылар: Бен Дэвис («Тоттенхэм»), Джо Родон («Лидс»), Крис Мефам («Сандерленд»), ...
Read More »US Open: Анна Данилина 1/8 финалға шықты
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина АҚШ ашық чемпионатының үшінші айналымына шықты. Ол «Үлкен дулыға» турнирінің 9-ракеткасы болып тіркеліп, Сербия спортшысы Александра Крунич екеуі екінші айналымда Румыния теннисшісі Моника Никулеску мен Латвияның өкілі Анастасия Севастовамен ойнады. Бірінші партияда Данилина мен Крунич қарсыластарын 6:2 есебімен жеңді. Екінші сетте де 5:1 есебімен басым түсті. Содан кейін Румыни мен Латвияның спортшылары брейк ...
Read More »Қазақстан «Қайраттың» жеңісінен кейін УЕФА рейтингінде көтерілді
Қазақстан Алматының «Қайрат» клубының Чемпиондар лигасындағы сенсациялық ойынының арқасында УЕФА коэффициенттер кестесінде айтарлықтай алға жылжыды, деп хабарлады Zakon.kz. Ел чемпионының турнирдің негізгі кезеңіне шығуы Қазақстанға бірден бес саты қосып, 34-орынға көтерілуіне мүмкіндік берді. Енді Қазақстан Армения, Латвия, Финляндия, Косово және Босния және Герцеговина ассоциацияларының құрамаларын артта қалдырды. Мұндай серпіліс биылғы маусымдағы УЕФА рейтингіндегі ең үлкен жетістіктердің бірі болды. Осылайша, «Қайраттың» ...
Read More »Сайыпқыран: Қытайда желден жүйрік қандастарымыз бар
Бүгін Қытайдың Үрімжі қаласында өткен жартылай марафонда үш бірдей қандасымыз топ жарды, деп хабарлады Синьхуа агенттігі. Марафонда Санжы институтының студенті, бірінші разрядты спортшы Ерен Елеусіз мәре сызығын 1 сағат 6 минут 54 секундта кесіп өтіп, жеңіс тұғырына көтерілді. Оның ізінше Қазез Бектұрсын мен Тұрәбіл Төлеухан да көмбеге жетіп, күміс және қола медалдарды иеленді. Бүгінгі дүбірлі додада толық марафон, жартылай марафон және ...
Read More »«Қайрат» – «Реал Мадрид» матчына билеттерді қайдан сатып алуға болады?
Алматының «Қайрат» клубы 30 қыркүйекте Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде Мадридтің «Реал» командасымен ойнайды. Осы туралы ҚазАқпарат хабарлады. Бұл матч Алматының Орталық стадионында болады. Ойын Астана уақытымен 21:45-те басталады. Билеттерді қайдан алуға болады? Алдыңғы матчтарға билеттер клубтың ресми арналары саналатын Qairat SuperApp қосымшасы, клубтың ресми сайты (билеттер бөлімі) мен Freedom SuperApp (билеттер бөлімі) және Ticketon платформасында сатылған болатын. Бір қолға бес ...
Read More »