Жасөспірімдер арасындағы V Азия Пара ойындарында Қазақстанның голболдан ұлттық құрамасы тарихи жетістікке жетіп, алғаш рет алтын медаль иеленді, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Жарыста Қазақстан құрамасымен бірге Оңтүстік Корея, Иран, Таиланд және Сауд Арабиясының командалары бақ сынады. Турнир айналмалы жүйе бойынша өтті. Турнирдің бастапқы кезеңінде Қазақстан құрамасы Оңтүстік Кореяға 9:10, Иран командасына 3:5 есебімен жеңілді. Кейіннен команда ойын жүйесін ...
Read More »Басты тақырып
ITF W15: қазақ қыздары жарыс көрігін қыздырып жатыр
Теннисшілер Асылжан Арыстанбекова мен Іңкәр Дүйсебай жұптық сында Түркияның Анталия қаласында өтіп жатқан ITF W15 турнирінде жарыс көрігін қыздырып жатыр. Олар жартылай финалға шықты, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Жарыста қазақ қыздары 4-ракетка болып тіркелген. Ширек финалда теннисшілер Мажарстанның Мелинда Биро мен Аустрияның Клаудиа Гаспарович есімді қарсыластарымен ойнады. Ойында Асылжан мен Іңкәр қарсыластарына еш мүмкіндік қалдырмай, 6:1, 6:0 есебімен ойсырата ...
Read More »Australian Open, қазақ балаларын қарсы ал!
Мельбурн қаласында 24 қаңтар — 1 ақпан аралығында жасөспірімдер арасында өтетін Аустралия ашық чемпионатына қатысатын теннисшілердің тізімі жарияланды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. -Қазақстаннан негізгі жарыста үш жас теннисші бақ сынайды. Жасөспірімдер арасында ITF рейтингісінде 24-орында тұрған Заңғар Нұрланұлы Аустралия чемпионатында 10-ракетка болып тіркелген. Сондай-ақ, жасөспірімдер арасында әлемнің 60-ракеткасы Дамир Жалғасбай және рейтингіде 94-сатыдағы Даниэль Тазабеков өнер көрсетеді, — делінген ...
Read More »Айбар Қайым семсерлесуден Әлем кубогы кезеңін жеңіп алды
Қазақстан құрамасының семсерлесушісі Айбар Қайым Германияда кадеттер арасында өткен Әлем кубогының кезеңін жеңіп алды. Ол семсерлесудің қылыш түрі бойынша сайыста топ жарды. Финалда Айбар Қайым Германия өкілі Джастин Льюді 15:13 есебімен жеңді. Бұған дейін де спортшы Әлем кубогының кезеңдерінде екі мәрте жеңіске жеткен болатын. Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА
Read More »Мбаппе мен ПСЖ-ның соты: 60 млн еуродан астам өтемақы төленеді
Францияның ПСЖ клубының бұрынғы шабуылшысы Килиан Мбаппе Париж қаласының командасын сотқа беріп, жеңіп шықты. Сот үкімі бойынша, ПСЖ футболшыға жалақының өтемі ретінде 61 миллион еуро төлеуі тиіс. The Guardian деректеріне қарағанда, осыдан бір ай бұрын Мбаппе ПСЖ-дан 263 миллион еуро өтемақы талап еткен еді. Бұл сомаға ойыншының келісімшарт аяқталғаннан кейін төленбеген жалақысы мен сыйақысы, сондай-ақ командадағы қарым-қатынасына байланысты өтемақы кіреді. ПСЖ ...
Read More »«Қайрат» әлемдегі үздік футбол клубтарының қатарына енді
Халықаралық футбол тарихы және статистикасы федерациясы (IFFHS) әлемдегі ең үздік 500 футбол клубының жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлады ҚазАқпарат. Тізімге елімізден тек Алматының «Қайрат» футбол клубы кірген. Клуб 90,75 ұпаймен 240-орынды иеленді. -Рейтингтің көшін Францияның «Пари Сен-Жермен» клубы бастады. Екінші орында — Мадридтің «Реал», ал үшінші орынға — Лондонның «Челси» командасы орналасты. -Бұған дейін «Қайраттың» қақпашысы Темірлан Анарбековтің беделді рейтингте ...
Read More »UFC: Асу Алмабаев ТОП-5 кіруі мүмкін
MMACrossfire.com сайты UFC-дің ең жеңіл салмақтағы өкілі Асу Алмабаев келесі жекпе-жегінде жеңіске жетсе, дивизион рейтингінің үздік бестігіне кіруі мүмкін екенін хабарлады. Асу Алмабаев 2026 жылғы 28 ақпанда Мексиканың астанасы Мехико қаласында UFC-дің бұрынғы чемпионы Брэндон Мореномен жекпе-жекке шығады. Ол Астана уақыты бойынша 1 наурызда таңертең болады. Қолда бар дерекке қарағанда, Алмабаев қазір UFC-дің ең жеңіл салмақ дәрежесіндегі рейтингінде жетінші орында ...
Read More »Сайыпқыран. Жас палуанның жарқын жетістіктері
Жамбыл облысы, Тараз қаласының тумасы Нұрасыл Асылханұлы Аманалы – бүгінде грек-рим күресінен ел назарын өзіне аударып жүрген жас спортшылардың бірі. Нұрасыл 2005 жылғы 9 қаңтарда туған. Бала кезінен спортқа бейім болып өскен ол грек-рим күресін өмірлік жолы ретінде таңдады. Қазіргі таңда М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша білім алып, оқу мен спортты қатар алып ...
Read More »Жасөспірімдер V Азия Пара ойындарында 68 медаль жеңіп алды
Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы V Азия Пара ойындары өз мәресіне жетті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Ойындардың қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 68 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 25 алтын, 23 күміс және 20 қола жүлде бар. Жалпы медальдық есепте Қазақстан командасы 45 мемлекеттің ішінде бесінші орынға ие болды. Жарыста Қазақстан атынан 60 спортшы 9 спорт ...
Read More »BAQ Open by Beeline Janymda турнирінің жеңімпаздары анықталды
Тәуелсіздік күні қарсаңында Астанадағы ұлттық теннис орталығында Қазақстан теннис федерациясы мен Beeline Қазақстан компаниясының қолдауымен БАҚ өкілдері арасында BAQ Open by Beeline Janymda турнирі болды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Астана, Алматы және Тараздан БАҚ өкілдері топтық бәсеке мен плей-офта ойнап, «Мастерс» пен «Фьючерс» санаттары бойынша медальдар мен ынталандыру жүлделерін сарапқа салды. Турнирге 37 қатысушы жиналды. Жүлдегерлер арасынан жаңа есімдер ...
Read More »
SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары