Алматы қаласында өткен іріктеу турнирінің үшінші ойынында Қазақстан құрамасы Чехия құрамасын ірі есеппен ұтты.
Матч 3:0 есебімен аяқталды. Бас бапкер Алесио шәкірттері кездесудің үшінші минутында есеп ашты. Гол авторы — Дуглас. Бірінші таймның соңына қарай Михаил Першин есепті еселей түсті. Кездесудің 38-минутында Дуглас екінші голын соғып, есепті қорытындылады.
Осы нәтиженің арқасында Қазақстан құрамасы 9 ұпай иеленіп, өз тобынан бірінші орынмен екінші рет Еуропа Чемпионатының финалдық кезеңіне шықты.
Еуро-2018 чемпионатының финалдық кезеңі 2018 жылдың 30 қаңтары мен 10 ақпаны аралығында Словенияда өтеді. Финалдық кезеңге 12 құрама қатысады.
kff.kz
Любое использование материалов сайта допускается только при наличии активной ссылки на kff.kz