Азия теннис федерациясының 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында жаңартылған рейтингісінде Заңғар Нұрланұлы бірінші орынға көтерілді, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы.
15 жастағы теннисші ұпай санын 2 610-ға жеткізді.
Мамыр айында жасөспірімдер арасында Дэвис кубогының Азия — Тынық мұхит аймағы бойынша іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы сапында Заңғар Нұрланұлы жекелей сында алты матч ойнап, бәрінде жеңіске жетті. Ол қарсыластарына бірде-бір сет берген жоқ.
Қазір Заңғар Нұрланұлының еншісінде ITF Junior жарыстарында жеңіп алған 4 титулы бар. Соның үшеуінде атақты жекелей сында, бір титулды жұптық сында иеленген.