• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Алматыда «Дүйсенбілік спорт» жобасы жалау көтерді

    Алматыда «Дүйсенбілік спорт» жобасы аясында NEET санатындағы жастар арасында волейболдан чемпионат болды.

    Бұған дейін «Дүйсенбілік спорт» жобасы аясында Алматы қаласы базар жастарының арасында шағын футболдан турнир өткен болатын.

    Биылғы додаға «Қырғауылды», «Бақорда»,  «Арғымақ», «Арғымақ1», «АлтынОрда», «Бақорда» т.б сауда орталықтарында жұмыс істейтін жастар мен NEET санатындағы VKM, «Белгібай», «Отау-Құрмет» яғни, жұмыссыз жастардан құралған 16 команда қатысты.

    Жыл сайын дәстүрге айналған «Дүйсенбілік спорт» жобасына тапсырыс берушісі – Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы. Оны ұйымдастыру биыл байқау құжаттарына сәйкес Social project management» орталығы қоғамдық қорына жүктелді.

    Чемпионат екі спорт залда қатар болды.

    Алғашқы іріктеу кезінде 16 команда екі топқа бөлініп, өзара іріктеу ойындарын өткізді. Командалар керемет ойын өрнегін көрсетуге тырысып-ақ бақты. Ширек финал мен жартылай финалдық сайысқа сүрінбей жеткен командалар арасындағы ойын тартысты өтті.

    Финалда «Белгібай» мен «Арғымақ» командалары алтын медаль мен кубок үшін жан алысып, жан берісті. Финалдық бәсекедегі екі команданың шабуылшылары бар айла-тәсілін қолданып-ақ бақты. Дегенмен 2:0 есебімен «Белгібай» командасының жігіттер басым түсіп, алтын жүлдені жеңіп алды.

    Чемпионат қортындысы бойынша бірінші орын алған «Белгібай» командасына 250 мың теңгенің, екінші орын алған «Арғымақ» командасына 150 мың теңгенің, үшінші орын алған екі команда «Отау-Құрмет» пен VKM командаларына 50 мың теңгенің сертификаттары табыс етілді.

    Енді алдағы уақытта «Дүйсенбілік спорт» жобасы аясында NEET санатындағы жастар арасында баскетболдан кемінде 16 команда қатысатын жарыс ұйымдастыру жоспарда бар. Сонымен бірге  үстел теннисі мен киберспорт бойынша чемпионаттың да жалауы көтеріледі.

     

    Рүстем ЖҰМАН,

    АЛМАТЫ

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *