• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Көңіл көңілден су ішеді

    Ең көне дене шынықтыру-спорт қоғамы «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясына жыл сайын белсенді түрде қатысып келеді.

    Бүгін айналаға үлгі болатын іс-шара «Динамо» ДШСҚ қоғамдық бірлестігінің шаңырағында болып, балалар шад-шадыман көңіл-күймен мектептеріне аттанды.

    Бұл жолы Төтенше жағдайлар министірлігі қызметкерлерінің отбасыларына ерекше көңіл бөлінді. Қоғамның Алматыдағы «Динамо» стадионында Төтенше жағдайлар министірлігі қызметкерлерінің аз қамтылған және көпбалалы отбасыларынан шыққан ондаған бірінші сыныпқа баратын бүлдіршін оқушыларға салтанатты жағдайда Қоғам аппаратының басшысы Гүләйім Махатқызы мен танымал гимнаст Милад Карими мектепке қажетті заттарға толы сөмкелер таратып берді. Сөмкелердің ішінде кеңсе тауарлары: қаламдар, дәптерлер, оқулықтар, қарындаштар, сондай-ақ «Динамо» қоғамының әйгілі эмблемасы бейнеленген спорттық костюмдер болды.

    Өз сөзінде Гүләйім Махатқызы аз қамтылған отбасыларға, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған немесе өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларға көмек көрсету динамолықтар үшін үлкен мәртебе әрі абыройлы міндет екенін атап өтті.

    «Бұл — биылғы жылы өткізілген алғашқы осындай іс-шара емес. Бүгінгі акция «Динамо» қоғамы мен күштік құрылымдар арасындағы ерекше байланыстың және өзара қолдаудың тағы бір айқын дәлелі болды», деді ол.

    Балалардың қуаныштарына ата-аналары да қуанып қалды.

    Расыменде жағдайы нашар отбасылар балаларын мектепке дайындауда қаржылай қиындықтарға кездеседі. Бір баланы толықтай киім-кешек, оқу құралдарымен мектепке әзірлегенде 200 мыңға таяу теңге кетеді екен. Осындай қиындықтарға ұрынған отбасылардың жағдайын жеңілдеткен Төтенше жағдайлар министірлігі қызметкерлері мен «Динамо» қоғамының қолдау көрсеткен сауапты істеріне алғыстан басқа айтар жоқ. Бала біздің болашағымыз. Ендеше, зайырлы елдің саналы ұрпағы өссін десек, баланың біліміне қамқор жасау маңызды мәселе.

     

    Ақын ОРДАБАЙҰЛЫ,

    АЛМАТЫ

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *