• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Қазақстан футбол федерациясының өкілдері ФИФА конгресіне қатысты

    Руанданың астанасы – Кигали қаласында 73-Халықаралық футбол қауымдастықтарының (ФИФА) конгресі болды. Оған Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов, бас хатшысы Олжас Абраев пен халықаралық департамент директоры Аян Әлжанов қатысты. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясы хабарлады.

    Қазақстан футбол федерациясы хабарлауынша, Конгрестің күн тәртібінде былтырғы жылдың қорытындысы мен қаржылық есебі қабылданып, 2024 жылдың бюджеті бекітіліп, 2023-2025 жылдарға аудиторлар тағайындалды.

    Қазақстандық делегация конгресте өзге ұлттық қауымдастықтармен ынтымақтастықты әрі қарай нығайту бойынша бірқатар маңызды кездесулер өткізді.

    Конгресте Джанни Инфантино 2027 жылға дейін ФИФА-ның президенті болып қайта сайланды.

    ҚФФ президенті Әділет Барменқұлов Джанни Инфантиноны жаңа мерзімге қайта сайлануымен құттықтап, әлемде футболды дамыту жолында табыс тіледі.

    Келесі ФИФА конгресі 2024 жылдың 17 мамырына жоспарланған. Оның қай жерде және қай кезде болатыны кейінірек белгілі болады.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *