Алматыдағы «Шымбұлақ» тау-шаңғы базасында фристайлдан өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде Павел Колмаков күміс жүлдегер атанды.
Ол фристайл-могулдан финалда 78,72 балл жинап, екінші орынға ие болды.
Бұл сында канадалық Микаэль Кингсбери (85,67) жеңімпаз атанса, австралиялық Мэтт Грэмге 78,42 қола жүлдені иеленді.
Могул жарысында әйелдер арасында Аяулым Әмренова финалға шыққанымен, жүлдеге іліге алмады.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА