Қазақстанның бірінші, әлемнің 6-ракеткасы Елена Рыбакина Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өткен WTA қорытынды турнирінде үздік шықты, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Теннисші финалда әлемнің 1-ракеткасы, «Үлкен дулыға» турнирінің төрт дүркін жеңімпазы, Беларусь өкілі Арина Соболенкомен ойнады. Бірінші партияда есеп 3:2 болған кезде Рыбакина брейк жасап, сол басымдылығын 6:3 есебімен сақтап қалды. Екінші сетте тай-брейкте Рыбакина бет қаратпады. Есеп – 7:6 ...
Read More »
SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары