• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Тектіден текті туады

    «Тектіден текті туады», деген тәлсім мән-мағынасын жоғалтқан емес. Расыменде түбінде әйтеуір ұрпағының бірінде ата-баба жолын қайталайтын біреу дүниеге келері анық. Мұны тіпті ғалымдар да дәлелдейді. Ал айтпағымыз қазақта дәл осындай ұрпақ қуалап келетін жағдайлар көп кездеседі. Мысалы, Алматы облысы Нарынқол ауданында марқұм Ноғай Мүсірбекті білмейтін жан жоқ. Елдегі ескі көздермен кездесіп, Ноғай туралы сұрай қалсаң, ол кісінің қандай ел деп туған ер екенін сағына еске алады.

    Ноғай туған ауылының жотасындағы тауға қыста шаңғы спортымен ауыл жастары мен тұрғылықты халық айналыссын деп аспалы жол салған адам. Спорт мекетібінің директоры болып жүргенде қаншама шәкірттер тәрбиелеп, елге аты танылған ұстаз. Тіпті, өзінің туған ұлы Тимур еркін күрестен жасөспірімдер арасында әлем чемпионатының алтын жүлдесін жеңіп алса, жан-жары Роза апайымыз жүгіруден Қазақстанның бірнеше дүрген чемпионы атанған екен. Міне, отбасымен өңір спортына өлшеусіз үлес қосқан жандардың немерлері де жеңісті жолды жалғастырып келеді екен.

    Сенбі күні Алматы облысы Іле ауданы, Өтеген кентіндегі Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде елге белгілі үздік ұстаз, көп жылдар бойы Мұқағали Мақатаев атындағы №13 орта мектепте директор болып қызмет еткен марқұм Ғалия Нәдібекқызын еске алуға арналған дзюдо күресінен жасөспірімдер арасында дүбірлі жарыс болып өтті.

    Бұл жарысқа Жетісу облысы мен Алматы облысының көптеген аудандарынан 150-ге тарта жас балуандар келіп қатысты. Жарыстың салтанатты ашылуына Балалар мен жасөспірмдер спорт мектебінің директоры, Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген жаттықтырушы, Іле ауданының құрметті азаматы Қапар Рауанов, Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген жаттықтырушы, жарысты ұйымдастырушы Төлеген Сұлтанов, Ғалия Нәдірбекқызының туған ұлы мен көптеген құрметті азаматтар қатысып, балауандарға табысты белдесулер тіледі.

    Ашылуы аяқталған соң балуандар жекпе-жегі қыза жалғасты. Жоғарыда айтып өткеніміздей Ноғай Мүсірбектің туған немересі Алтынайдың күресіне тәнті болмаған жан жоқ шығар. Ол қарсыластарын алып та шалып та жығып, өзінің шеберлігін жанкешті күрестерімен айқын көрсетті. Кілем шетінде қызының күресіне күйіп пісіп, алып-ұшып жүрген әкесі Тимур білгенін айтып, қызын қамшылай түсуде. Ноғай Мүсірбектің бел немересі екенін көріп білген көнекөз жанкүйерлер де Алтынайдың күресіне қызығы қарап, үлкен әсер алды.

    «Тектіден текті туады», — деген қағида осындайда белгі беретініне көз жеткендей болды. Бір қызығы, волейболға қатысып жүрген Алтынай әке жолын қуып күреске ауысып кетсе керек. Дзюдо үйірмесіне ол өзінің жан құрбысы Алуамен бірге барып, қатыса бастайды.

    Алуа да нағыз балуанның шебері болып өсіп келеді. Бұл турнирде ол қарсылас шақ келтірмей қоғадай жапыра финалға шығып, жеңімпаз атанды. Негізі, Алматы облысында спорт үлкен жолға қойылған. Алысқа бармай-ақ кешегі күні аяқталған үшінші Азия ойындарында ұлттық құрамада өнер көрсеткен Алматы облысының спортшылары алтын жүлдемен, жүлдегерлер қатарынан көрініп, ел намысын абыроймен қорғап қайтты.

    Сонымен Ғалия Нәдірбекқызын еске алуға арналған жарыста жеңіс биігіне көтерілген жөсөспірім ұл-қыздар ұйымдастырушылардың әзірлеген марапаттарына ие болып тарқасты. Бұл жарыс облыстың жылтізбесіне кірген екен. Ұйымдастырушылар алдағы жылдары республикалық деңгейге көтеруді мақсат етіп отыр екен.

     

    Ақын ОРДАБАЙҰЛЫ,

    Алматы облысы

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *