• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Daily Archives: 19.11.2026

    Балуандар халықаралық турнирде екі алтын медаль жеңіп алды

    Осы күндері Таиландтың Сирача қаласында күрес түрлерінен халықаралық турнир өтіп жатыр, деп хабарлады SportPress.kz. Алғаш болып бозкілемге грек-рим күресінің балуандары шықты. Нәтижесінде Қазақстан құрамасы екі алтын медаль жеңіп алды. Еркебұлан Анапия (82 келіге дейін) мен Данияр Қанағатбек (72 келіге дейін) қарсылас шақ келтірмей, алтын тұғырға көтерілді. Жарыс 22 қарашаға дейін жалғасады.  

    Read More »

    Азиада чемпиондарына сыйақы 50 мың долларға дейін өсті

    Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Азия ойындарының алтын жүлдегерлеріне берілетін сыйақы бюджеттен тыс қаражат есебінен 40 мың долларға ұлғайтылғанын мәлімдеді, деп хабарлады SportPress.kz. «Биыл федерациялар мен Спортты қолдау қоры арқылы бюджеттен тыс қаражат есебінен Азия ойындарының чемпиондарына берілетін сыйақыны 50 мың долларға дейін арттырдық. Ал өзге жүлдегерлерге тиесілі төлемдер мемлекеттік органдармен келісу жұмыстары және халықаралық федерациялармен байланысты қажетті рәсімдер ...

    Read More »

    «Күрес федерациясы аз уақытта өңірлердегі жұмысты жүйелі жолға қойды» – Ербол Мырзабосынов

    Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Қазақстан күрес федерациясының жұмысына баға берді, деп хабарлады SportPress.kz. «Бір-екі жылдың ішінде алтын медаль жеңіп алу өте қиын. Күресте жақсы нәтижеге жету үшін жүйелі жұмыс қажет. Менің ойымша, федерация аз уақытта өңірлердегі жұмысты жолға қойып, Күрес академиясын құруға кірісті. Астанада өткен конгресте федерация президенті Еркін Оқасов Біріккен күрес әлемі ұйымының (UWW) бюро мүшесі болып ...

    Read More »

    Қазақ күресін Азия ойындарының бағдарламасына енгізу ұсынылды – Ербол Мырзабосынов

    Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов ұлттық спорт түрлерінің халықаралық деңгейде дамуы туралы айтты. «Қазіргі таңда елімізде 11 ұлттық спорт түрі бар. Бүгінде қазақ күресі мен тоғызқұмалақтан әлемнің 50-ден астам елінде федерациялар құрылған. Жуырда Қазақстанға Азия Олимпиада кеңесінің бас хатшысы келеді. Біз қазақ күресін жабық ғимараттағы Азия ойындарының бағдарламасына енгізу жөнінде өтініш бердік. Тоғызқұмалақ спорты да елімізде және халықаралық деңгейде ...

    Read More »

    Ясмина Тоқсанбаеваға пәтер тапсырылды

    Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов жеңіл атлетикадан биылғы жазғы Азия ойындарына қатысқан Ясмина Тоқсанбаеваға қатысты жағдайға пікір білдіріп, спортшыға көрсетілген қолдау туралы айтты. «Ясмина Тоқсанбаеваның мәселесі бойынша жеңіл атлетика федерациясы Спорттық арбитраждық сотқа (CAS) өтініш жолдағаны рас. Дегенмен бұл жерде ең бастысы – алдағы уақытта мұндай жағдайға жол бермеу. Бұл мәселеде бір адамды кінәлау қиын, сондықтан бәрінің де кінәсі ...

    Read More »

    Қазақстан спортшылары жыл басынан бері 341 медаль жеңіп алды

    2026 жылдың басынан бері спортшылар халықаралық жарыстарда жақсы нәтижеге жетіп келеді. Атап айтқанда, отандастарымыз әлем чемпионаттарында 43, Азия чемпионаттарында 48 рет жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді, деп хабарлады SportPress.kz. Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың айтуынша, жалпы ел спортшылары 341 медаль иеленді. Оның 103-і – алтын, 106-сы – күміс, 132-сі – қола жүлде. «Биылғы айтулы жетістіктердің бірі ретінде Қазақстанның ...

    Read More »